Кореяның ірі ритейлері Қазақстанда инновациялық сауда желісін іске қосты
АЛМАТЫ. 7 наурыз. Кореядан келген ірі ритейлер Қазақстанда CU брендімен 500 «үй жанындағы дүкен» инновациялық сауда желісін іске қосты. Бұл туралы өз мәнбесіне сүйенген rast.kz хабарлайды.
«Үй жанындағы дүкен» инновациялық сауда желісін Қазақстандағы «Шин-Лайн» компаниялар тобы Кореяның ең ірі операторы – BGF Retail-мен бірлесіп жүзеге асырады.
«Ең қызығы, бұл дүкеннен ел Кореядан аған емес, Қытайдан, Жапониядан импортталған азиялық өнімдерді таба алады, яғни, CU ритейл-желісінің күнделікті сұранысқа ие өнімдеріне арналған Қазақстандағы алғашқы дүкен. 2030 жылға дейінгі ауқымды жоба қала экономикасына 50 млрд теңгеге дейін қаражат тартып, қаланың мәртебесіне сай келетін заманауи 500 сауда нүктесін құрады деген жоспар бар», – деп баяндайды журналист Айнаш Есали.
Оның айтуынша, жоба ұйымдастырушылары саланы сауықтыру, қала тұрғындарының сапалы қызмет пен өнімдерге деген сұранысын қамтамасыз ету мақсатында кешенді шараларды іске асыруды көздейді.
CU сауда желісі – бұл жұмыс режимі аптасына 7 күн 24 сағатқа құрылған, үй жанындағы шағын дүкендердің жетілдірілген форматы. CU дүкендерінің лайықты сыртқы келбеті мен өзіне тән ішкі атмосферасы бар, сондай-ақ жұмысы да өзгеше әрі қызмет көрсету жылдамдығымен, бағасының арзандығымен ерекшеленеді.
«Арнайы CU дүкендер желісі үшін «Шин-Лайн» өндірістік кешенінің негізінде бірегей «фабрика-ас үй» құрылды. Қазіргі таңда желінің әрбір дүкені үшін тағамдар дайындау орталықтандырылған және компания стандарттарды мүлтіксіз орындауды қамтамасыз етеді. Меншікті орталықтандырылған қойма мен меншікті дистрибуция жаңа өнімдерді жеткізу мерзімі мен өндіріс тізбегіндегі делдалдар санының төмендеуін қамтамасыз етеді, бұл тұтынушы үшін өнім сапасы мен бағасына оң әсер етеді, – деп атап өтті «Шин-Лайн» компаниялар тобының президенті Андрей Шин. – Осы жобаның барлық тізбегінің жұмысын қамтамасыз ету үшін жыл соңына дейін Алматыда 600 жұмыс орны ашылады.
Жаңа дүкендерде ашылған күннен бастап ready to eat (лезде дайын болатын тағамдар), ready to cook (тек пісіру керек), ready to heat (тек жылыту керек), bakery & hot drinks (кондитерлік өнімдер мен ыстық сусындар) деген санаттар, снектер, мен түрлі сусындар бар. CU дүкендерінің жаңа желісінде барлығы 2000-нан астам сауда позициясы ұсынылған. Айта кету керек, оларда қазіргідей қолданыстағы стихиялық қызмет көрсету форматы жоқ.
«CU желісі қала өміріне инновациялар әкеліп, қалалық ритейл индустриясын жақсартады», – дейді Андрей Шин. – Жаңа шешімдері бар заманауи дүкендер қаламызға қажет. Сатып алушылар олардан күнделікті сұранысқа ие жаңа өнімдердің бірқатар санаттарын, сондай-ақ Кореядан, Қытайдан, Жапониядан импортталған азиялық өнімдерді таба алады. Сондай-ақ, CU-да Қазақстанда танымал тағамдар мен тағамдардың кең ассортименті, сондай-ақ корей асханасының тағамдары ұсынылады, оларды әзірлеу үшін Кореядан келген үздік аспаздар еңбек етті».
Ашылу салтанатында сауда желісінің стандарттары, ондағы ассортимент форматы Кореядағыдай екендігі атап өтілді. Ұйымдастырушылар компанияның Таң самалы елінде 17000 дүкені бар, 30 жылдан астам тәжірибесі қалыптасқан CU желісінің елге ыңғайлы және оны жақсы көретіндер бар екенін жеткізді.
«BGF-бұл «Be Good Friends!» сөзінің қысқартылып алынған нұсқасы (Жақсы дос бол!), біз өз клиенттеріміз бен қоғам үшін дос болуға тырысамыз. Біздегі қалыптасқан философия пайда мен әлеуметтік жауапкершілік арасындағы тепе-теңдік пен тәуекелдер инновациялардың тұрақты қайнар көзіне айналды, ал CU желісі тұтынушылар сұранысын қанағаттандыру мен абыройлы атаққа ие болу арқылы үздіксіз өркендеп келеді», – деді BGF Retail компаниясының вице-президенті Чжун Кук Хон Мырза.
Инвесторлар жоба, тұтастай алғанда, елдің сауда индустриясын дамытуға жаңа серпін беретініне, осы саладағы бәсекелестікті күшейтетініне, Қазақстандағы сауданың сапасын арттыратынына және экономикаға жағымды әсер ететініне сенімді. CU дүкендерінің форматы таяу арада бүкіл нарық үшін стандартқа айналады деген болжам бар.
Ал отандық «Шин-Лайн» компаниялар тобына келетін болсақ, ол елде сапалы азық-түлік өнімдерін өндіруді дамытып отырған ішкі ірі инвестор. Компания Қазақстан мен Орталық Азия елдерінде №1 балмұздақ өндіруші ретінде танымал. Қазір ТМД-дағы ең ірі балмұздақ фабрикасының құрылысы жүргізіліп жатыр. «Шин-Лайнның» логистика желісі Алматы қаласындағы 6000-нан астам сауда нүктелеріне қызмет көрсетеді. Өз кезегінде, инвестициялық жобаның стратегиялық серіктесінің CU ритейл желісін дамытудағы тәжірибесі өте ауқымды және Оңтүстік Кореяның сауда нарығындағы №1 компания саналады.