Финляндия 16 наурызға дейін РФ нөмірі бар машиналарды елден шығарады
ХЕЛЬСИНКИ. 8 наурыз. Финляндия билігі РФ мемлекеттік нөмірі бар автомобильдерді 16 наурызға дейін елден түгел шығаруды талап етті. . Бұл туралы The Moscow News ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Үкімет ресейлік тіркеу нөмірі бар көліктерді 16 наурызға дейін ел территориясынан шығару жөнінде қаулы қабылдады. Суоми кедендік бақылау қызметінің жетекшісі Сами Ракшитаның сөзіне сілтеме жасаған Yle баспасөзі осыған байланысты жұмыстардың басталып кеткенін баяндады. Сонымен бірге, Ракшита аталған күннен кейін де елде қалып қойған машиналарға байланысты қандай шаралар қойылатыны хаөындағы сұраққа нақты жауап бере алмады.
Финляндия 2023 жылғы қыркүйектен бастап ресейлік нөмірі бар жеңіл көліктердің ел территориясына кірулеріне тыйым салды. Билік елде бұрыннан бар машиналардың алты айдың ішінде елден кетуі тиіс екенін атап өтті. Олай болмаған жағдайда көліктер тәркіленіп алынуы ықтимал.