ӘлеуметЖаңалықтар жаңғырығы
Шығыста «болашағы жоқ» 6 ауыл жойылатын болды
ӨСКЕМЕН. 3 наурыз. Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданы мен Семей қаласына қарасты бірнеше ауыл жойып жіберілді. Бұл туралы YK-news.kz хабарлады.
Осыған байланысты бүгін облыс әкімдігі мен мәслихатының жарлығы шығарылған.
Онда Зайсан ауданындағы жойылған «Жаңабаз» ауылы «Көгедей» ауылының құрамына, «Талды», «Сарытұмсық» ауылдары «Айнабұлақ» ауылының құрамына, «Сарыши» ауылы «Кеңсай» ауылының құрамына енгізілетіні баяндалған.
Ал Семей қаласына қарасты «Қараөлең» және «Социалистік Қазақстан» ауылдары жойып жіберілген.
Мұның бәрі болашағы жоқ саналған ауылдарды тарату саясатынан шығып отыр.