Жаңалықтар жаңғырығыЖаһан
Египет соты бұрынғы офицерді өлім жазасына кесті
КАИР. 3 наурыз. Египет соты арнаулы жасақтың бұрынғы офицерін бірнеше рет лаңкестік әрекет жасағаны үшін өлім жазасына кесті. Бұл туралы «Интерфакс» хабарлады.
Сот одан басқа тағы 36 жихадшыны атуға үкім шығарды.
Каир соты айыпты деп санап отырған Хишам Ашмави әскер қатарынан кеткеннен кейін исламист болып шығып, жихадшылармен бірге көптеген террорлық қылмыстарға барған. Соның ішінде 2013 жылы сол кездегі ішкі істер министрі Мохамел Ибрагимге шабуыл жасауға қатысқан.
Сот Хишами Ашмави мен 36 содырды 56 іс бойынша айыптады. Ал бұрынғы офицердің 14 шабуылға қатысқаны анықталды.
Үкімге әлі апелляция жасауға болады.