Зеленьский Қарулы күштер құрамында ауыс-түйіс жасауға кірісті
КИЕВ. 12 ақпан. Украина президенті Володимир Зеленьский Қарулы күштердің жоғары командасындағы кадр алмасушылық үдерісін бастап кетті. Бұл туралы The Moscow News ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Зеленьский ең алдымен Қарулы күштер бас штабының бастығын алмастырды, осы лауазымды атқарып келген генерал-лейтенант Сергей Шепталоның орнына генерал-майор Анатолий Баргилевичті тағайындады. Бұлардың соңғысы бұған дейін территориялық қорғаныс күштерін басқарып келген.
Украина президенті армияның жоғары басшылық құрамын кең ауқымды жаңартуды келесі күні қолға алды. Ол Қарулы күштердің біріккен күштері қолбасшысы Сергей Наевті қызметінен алып, бұл лауазымды генерал-лейтенант Юрий Содольді тапсырды. Содоль бұрын әскери-теңіз күштерінің теңіз жаяу әскерлерінің қолбасшысы болған.
Бұдан бөлек, десант-штурм әскерлерінің қолбасшысы Максим Миргородский қызметінен қуылып, оның орнын Игорь Скибюк басты. Жаңа қолбасшының бригада генералы және Украина қаһарманы деген атақтары бар. Ол Харьков облысын жаудан азат етуімен есте қалды.
Жаяу әскерлер қолбасшысы лауазымы бұған дейін Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары болған Олександр Павлюкке бұйырды. Ол бас қолбасшы болып тағайындалған Олександр Сырьскийдің орнына келді.
Зеленьский сондай-ақ генерал-майор Игорь Плахутаны территориялық қорғаныс күштерінің қолбасшысы етіп тағайындады.
Осының алдында президент Қарулы күштер бас қолбамшысының орынбасарларын да алмастырған еді. Енді полковник Вадим Сухаревский ұшқышсыз ұшақтар жүйесін бақылайтын болса, Ондрий Лебеденко армияның инновациялық технологиясы мәселесімен шұғылданады. Олаардың орындарына бас қолбасшының орынбасарлары болып бригада генералдары Володимир Горбатюк, Олексей Шевченко және Михайло Драпатый келді.
Зеленьский Украина Қарулы күштеріндегі бұл ауыс-түйістердің «майдандағы ахуалды ауыстыру мен генералитеттің жүгін өзгерту» үшін қажет болғанын мәлімдеді.