Жаңалықтар жаңғырығыТіршілік

Украина РФ-ның 1000 шақырымына дейін жететін дрондар дайындап жатыр

КИЕВ. 12 ақпан. Украина соғыс өнеркәсібі биыл әрекет ету радиусы қашықтығы 700 және 1000 шақырымдарды құрайтын ұшқышсыз ұшақтар шығарады. Бұл туралы Reuters ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Украина 2024 жылы Ресейдің радиусы мың шақырымдық тылына дейін тереңдеп ұшып барып, соққы жасауға қабілетті мыңдаған дрон өндіреді. Қазір елде Мәскеу мен Санкт-Петербургке дейін жете алатын ұшқышсыз ұшақ шығаратын 10-ға жуық компания жұмыс істеп тұр. Мұны Украинаның инновациялар, білімді, ғылымды және технологияны дамыту жөніндегі министрі Михайло Федоров өзінің сұхбатында айтып берді.

«Қашықтығы 300, 500, 700 және 1000 шақырымды құрайтын алысқа ұшушы беспилотниктер категориясы өсіп келеді. Екі жыл бұрын мұндай категория мүлде болған жоқ еді», – деді ол.

Украинаның дрондарды тек мемлекеттік кәсіпорындар шығаратын Ресейден айырмашылығы, мұнда оларды тек жеке компаниялар дайындайды.

Федоровтың айтуынша, Украина 2023 жылдың басынан бері ұшқышсыз ұшақ дайындайтын 20 000 операторды даярлаған. Олармен 20 мектеп айналысады.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button