Украина АҚШ-тан Мәскеу облысына дейін жететін ракета алғалы жатыр
КИЕВ. 7 ақпан. Украина Қарулы күштерінің жақын арада АҚШ-тан Мәскеу мен Мәскеу облысына емін-еркін жететін ракета алып қалуы кәдік. Бұл туралы The Moscow News ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Құрама Штаттар Украинаға F-16 истребителін жеткізіп беру жөнінде Батыс елдерінің келісімін алуға кірісті. Бұған Дания, Нидерланд, Норвегия және Бельгия елдері келісімдерін беріп қойды. Аталмыш истребитель өзімен бірге алып ұшқан ракеталарын 500 шақырым қашыққа дейін атып жібере алады.
Мәнбелер деректеріне қарағанда, Украина F-16 истребительдерінің бірнеше ондаған данасын алатын сияқты. Украина Қарулы күштерінің пилоттары Британия, АҚШ және Румыния базаларында бұл ұшақпен ұшуды үйреніп шықты. Дания Киевке 19 истребитель бермекші болған. Алайда оның уақыты кешеуілдеп жатыр. Нидерланд сондай 18 машина бермекші. Ал ақпан айында олардың саны 24 болатынын жеткізді.
Newsweek-тің мәліметінше, алғашқы истребительдер өткен жылғы желтоқсан айында келген екен. Олар Ресейдің жеті ұшағын жоюға, сондай-ақ Қырымда «Новочерксск» атты үлкен десант кемесін суға батырып жіберуге қатысыпты.