Трамп «президенттік қол сұғылмаушылықтан» ресми түрде айырылды
УАШИНГТОН. 7 ақпан. АҚШ-тың Колумбия штатына қарасты Уашингтон соты бұрынғы президент Дональд Трапмтан «президенттік тиіспеушілік» салтын алды. Бұл туралы The Moscow News ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
ВВС Уашингтон сотының республикашы Дональд Трамптың президенттік қол сұғылмаушылық құқығы жоқ деген ұйғарымға тоқтады. Мұның өзі енлі оны қылмыстық жауапкершілікке тарта беруге болады дегенді білдіреді.
Трамп 2020 жылғы сайлаудың нәтижелерін өзгертуне әрекет етті, осы мақсатта әлдекімлермен келісім жасасты деген жанжалдан әлі құтылған жоқ.
Еске сала кетейік, республикашы Трамп сол жолы демократ Джозеф Байденнен жеңіліп қалған болатын. Сол себептен сайлау нәтижелеріне фальсификация жасалы деп билікті айыптады, соның салдарынан жаппай тәртіпсіздіктер орын алды, олар Капитолияға басып кіріп, бірнеше адамның өлімі орын алды.
Трамптың сот шешімімен келіспейтіні белгілі. Демек, іс Жоғарғы сотқа беріледі. Оны қарауға бірнеше ай кетеді.
Сонымен бірге Трамп 2024 жылғы қарашада өтетін президент сайлауына қатысатын түйінші тұлғалардың бірі болып отыр. Алайда ол жақында Техаста өткен сайлау алды бірінші праймерзінде өз партияласынан ұтылып қалды.