Украина АҚШ-тан әлі Пентагонның өзінде жоқ су жаңа бомбы алады
УАШИНГТОН. 31 қаңтар. АҚШ Қорғаныс министрлігі ракеталы двигателі бар, әлі еш жерде қолданылмаған жаңа бомбыны Украинаға жөнелтуге келісім берді. Бұл туралы The Moscow News ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Шамамен 150 шақырым қашықтықтағы нысананы қағып түсіре алатын жоғары дәлдікті бомбы Украина Қарулы күштерінің алысқа атылатын қарулары арсеналын толықтырады. Оны тек қана Ресейдің тылындағы нысандарға емес, сонымен қатар Қырым территориясыедағы стретагиялық нысаналарға да белсенді түрде пайдалануға болады.
Құрама Штаттар билігі Украинаға әскери көмектің жаңа пакеті туралы әлі жаңа келісім жасаспағасын, оны шведтің Saab зауытымен бірлесіп дайындаған Американың Boeing компаниясы бұдан бір жыл бұрын қол қойылған келісімнің негізінде өзі тікелей жібергелі отыр.
Америкалық екі шенеуніктің және жағдаймен таныс тағы екі адамның мәліметтеріне сілтеме жасаған Politico ресурсы жерден атылатын аз диаметрлі бомбылардың (GLSDB) алғашқы партиясы алдағы сәрсенбі күні-ақ Украина Қарулы күштеріне жеткізілгелі тұрғанын баяндады. Уашингтон 2023 жылдың ақпанында Украинаға қатарында осы GLSDB бомбысы да бар әскери көмек пакетін беретінін жариялап қойған болатын. Бұл бомбылар әлі АҚШ-тың қарулары санатына қосылған жоқ, сондықтан Украинаға жіберер алдында Пентагонның рұқсатын алу керек болды. Ол өткен жылы сынақтан сәтті өткен екен.
Жерден атылатын бұл аз диаметрлі бомбыны ондағы ракеталы қозғалтқыш жоғары биікке алып шығарады да, сол жерде өзі ажыратылып қалады, ал бомбы қанатын жайып, бірден нысанаға қарай заулайды. Баллистикалық траекториямен ұшатын дүркін отты реактивті жүйелі кәдуескі зымырандардан ерекшелігі, GLSDB жоғары биікке жетіп алғаннан кейін кез келген бағытқа, соның ішінде өзі келген жаққа да бұрыла алады.
АҚШ-тың ұшақ бортынан жіберілетін дәл нысаналы басқа бомбаларынан тағы бір айырмашылығы: GLSDB жерден атылады, атылу үшін HIMARS-тан бастап, барлық дүркін отты реактивті ракеталарды пайдалана береді.