Дума РФ армиясы жайлы «фейк» таратқан адамды жазалау жолын тапты
МӘСКЕУ. 31 қаңтар. Ресей мемлекеттік думасы РФ армиясы жайлы «фейк» таратқан адамның мүкәмалын тәркілеу жайлы заң жобасын қабылдады. Бұл туралы The Moscow News ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Ресей мемлекеттік думасы депутаттарының Путинге жарамсақтануы шектен шыққаны сондай, олар 31 қаңтар күнгі отырыста РФ армиясы жайлы бір ауыз нашар сөз айтқан адамның дүние-мүлкін тәркілеп алатын заң жобасын қолдап дауыс берді.
Төменгі палатаның спикер Вячеслав Володин бастаған депутаттарының төрттен үш бөлігі қол қойған заң жобасы екінші және үшінші оқылымда бір ауыздан қабылданды: оған отырысқа қатысқан 377 депутаттың 377-сі түгел қолдап дауыс берді.
Мемлекеттік думаға дейін бас прокуратураның, тергеу комитетінің, әділет министрлігінің, «Росфинмониторинг» пен заң жобасының әрекеті жөніндегі үкіметтік комиссияның қолдауынан өтіп, мемлекеттік думаға ұсынылған заң «қаржылық қылмыстық әрекетті қаржыландыруға арналған немесе пайдаланылған» ақшаларды, құнды заттарды немесе басқа да мүліктерді тәркілеп алуға жол береді.
Ресей тергеу комитетінің мәліметінше, армия «фейкі» туралы баптан бөлек, «мемлекет қауіпсіздігіне қарсы қылмыс» пен осындай әрекетке шақырушылық бойынша қазірге дейін 300-ге жуық қылмыстық іс қозғалыпты. Сонымен бірге «қауіпсіздікке қарсы қылмыс» ұғымы үш құрамнан тұрады. Оларға «қалаулы емес» ұйымдармен жұмыс жасау, «жау» үкіметтермен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықта болу жатады.