Ресей тұтқынынан Украинаға 207 жауынгер мен жай азамат қайтып оралды
КИЕВ. 31 қаңтар. Бүгін РФ-мен арада кезекті тұтқын алмасушылық жүргізіліп, 207 украин әскери қызметкері мен жай азаматтар туған елдеріне келді. Бұл туралы «Диалог.ua» ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Украина президенті Володимир Зеленьский кезекті сәтті алмасушылықтан кейін бұған тікелей атсалысқан Бас барлау басқармасы, Президент кеңсесі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Ішкі істер министрлігі аттарына алғыс айтты.
«Украина 31 қаңтарда РФ-мен кезекті мәрте тұтқын алмасты. Ресейде қамауда отырған 207 әскери мен азамат үйлеріне оралды», – деп жазды «Диалог.ua» порталы.
Осы жаңалықты жария еткен Володимир Зеленьский Бас барлау басқармасының бастығы Кирилл Будановқа, Президент кеңсесінің жетекшісі Ондрий Ермакқа, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің райысы Василий Малюкке және және Ішкі істер министрі Игорь Клименкоға алғыс сезімін білдірді.
Мемлекет басшысы сондай-ақ Украинаның тұтқында қалып отырған барлық украиндарды есте сақтайтынын атап өтті. Оларды босату жөніндегі жұмыстар жалғаса береді.
Еске сала кетейік, РФ-ның Белгород облысында құлаған Ил-76 ұшағының бортынды болды-мыс делінген 65 украин жауынгері жөнінде әлі нақты мәлімет жоқ. Соған қарағанда, Кремльдің хабарламасы Ресей уағызнамасының кезекті сандырағы болуы керек. Бұл туралы Кирилл Буданов украин тұтқындарының туыстарымен кездескен кезінде айтты.
Ал тұтқында болып қайтқан украиндардың өз отбасы мүшелерімен, туған-туыстарымен кездесулері ерекше көңіл толқытатындай жағдайда өтті.