ӘлеуметЖаңалықтар жаңғырығы

Қостанайда таксишіге көпе-көрнеу жала жапқан бәлеқор әйел жаза алды

ҚОСТАНАЙ. 31 қаңтар. Қостанай облыстық полиция департаменті такси жүргізушісін өзіне тиісті деп жалғандыққа барған әйелдің жазаға тартылғанын жеткізді. Бұл туралы Massaget.kz ақпарына ден қойған rast.kz хабарлайды.

Келіншек арнаулы қызметті жалған сөйлеп шақырғаны үшін жауапқа тартылған. Осының орайында оған 30 АЕК көлемінде айыппұл салынған. Сөйтіп, жалған сөйлеп, жазықсыз адамға жала жапқаны үшін 110 760 теңгеге шығынданған.

Айта кетейік, 2023 жылғы 24 желтоқсанда Қостанай полициясына бір әйел хабарласып, үйдің жанында такси жүргізушісімен жанжалдасып қалғанын баяндаған.

Ал такси жүргізуші кабинадағы арнаулы құралмен осы сәтті видеоға түсіріп алған екен. Онда қыздың полицияға қоңырау шалып, әуелі жанжалдың мәнін түсіндіруге тырысқаны, кейінірек байбалам салып, жүргізушінің «өзін құшақтап алғанын» айтады да, артынша «есінен танып» қалады.

Оқиға орнына барған медицина қызметкерлері әйелді тексеріп, көмек көрсеткен. Полицейлер такси жүргізушісінің әрекетінен ешқандай құқық бұзушылық көрмеген.

Кейінірек әйел видео тарағаннан кейін желіде қысым көргенін айтты.

«Мен полицияға қоңырау шала бастадым, бірақ өзімді нашар сезінетінімді білген жоқпын. Әдейі істеген жоқпын. Ол маған әртүрлі сөз айтып, мені осы күйге жеткізді және ештеңе болмағандай кейіп танытты», – деді ол.

Әйел такси жүргізушісінің үстінен арыз жазудан бас тартқан.

Соңыра жанжал таксишінің әйелді нақты тұрған жеріне емес, мобильді қосымшада көрсетілген мәнзілге әкелуіне байланысты шыққаны анықталған.

Әйел таксиші жігіттің өзімен болған әрекет барысын видеоға түсіріп таратқанына қатысты мәлімдеме жасады. Полиция бұл мәселенің азаматтық-құқықтық деңгейде шешілетінін хабарлады.

 

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button