Қызылордалық мектеп оқушысы жасанды интеллектіні қазақша сөйлетті
ҚЫЗЫЛОРДА. 28 қаңтар. Қызылорда қаласында тұратын 16 жасар мектеп оқушысы Асылжан Абдуллаев жасанды интеллектінің қазақша сөйлейтін етіп шығарды. Бұл туралы kazinform.kz ақпарына сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.
Өнертапқыш өрен өзінің жобасына «QazaqGPT» деген атау беріпті. Ол бұйрық берілсе, сурет салады, дыбыстама жасайды екен. Сондай-ақ кез келген мәтінді жазып, есеп шығара береді.
Асылжанның айтуынша, жоба OAI архитектурасы негізінде жасалыпты. Ол америкалық прототиптерге қарағанда ауқымды көрінеді.
«Қазір менің білуімше, QazaqGPT-ті 2 мыңнан аса адам пайдаланған. Арнайы қосымшаны наурыз айына дейін іске асырамыз. Себебі серверлер жоғалып кетпейді. Америкада өтетін байқауға өтінім жібердік. Іріктеу сынынан өтіп, жартылай финалға жолдама алдық», – дейді өнертапқыш оқушы.
Асылжанға жасанды интеллектіні қазақ тілінде сөйлетуде Нұрлан Құлмырза, Сәбит Ибадулла, Темірлан Әбжанов секілді ұстаздары көп кеңес беріпті.
Тағы бір атап өтерлігі, Асылжан Абдуллаев Hackathon, Innofest байқауына қатысып, Astana IT университетінің білім грантын ұтып алған. Ол халықаралық Enactus ұйымының базасына барып, америкалық сарапшылар алдында жобасын сәтті қорғап шығыпты.