Жаңалықтар жаңғырығыЖаһан

АҚШ-тың бекітілген қорғаныс бюджетінде Украинаға $300 млн қарастырылды

УАШИНГТОН. 23 желтоқсан. Президент Джо Байден жұма күні АҚШ-тың Украинаға $300 млн қарастырылған қорғаныс бюджеті жайлы заңға қол қойды. Бұл туралы The Moscow News дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

Заңда АҚШ-тың жыл сайынғы қорғанысы үшін рекордтық деңгейде – $886 миллиард қаралғаны айтылған. Reuters атап көрсеткендей, мұнда сондай-ақ Украинаға көмек көрсету, Үнді-Тынық мұхит аумағында Қытайға қарсы тұру және басқа да бастамаларға кететін шығындар кіреді.

Ұлттық қорғанысты ассигнация жасау туралы заңды Конгресс өткен аптада қолдаған болатын.

Заң Украинаға берілетін көмек шараларын едәуір кешеуілдеткелі тұр. Онда Украинаға $300 миллион бөлінетіні айтылған. Бұл ақша тікелей Украинаға жөнелтілетін қару-жарақтар жасауға жұмсалады делініп отыр. Алайда қазан айында АҚШ президенті Джо Байден Конгрестен сұраған $61 млрд-пен салыстырғанда өте-мөте аз.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button