АҚШ Ресейге санкцияны айналып өтуге көмектескен банктерді жазалай бастады
УАШИНГТОН. 23 желтоқсан. АҚШ президенті Джо Байден Ресейге жіберуге тыйым салынған тауарлардың ақыларын төлеу операцияларын жүргізген банктерге екінші қайтара санкция салу жөніндегі жарлыққа қол қойды. Бұл туралы The Moscow News дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.
Енді санкцияға ұшыраған Ресей мен басқа елдердегі компаниялармен және жеке тұлғалармен жұмыс жасайтын банктерге санкция салынады. Сол сияқты әскери және екі мақсатты тауарларға байланысты жүргізілетін транз акциялар үшін де жаза беріледі. Бұлардың қатарына химиялық заттар қаруларын, шарикті подшипниктер, оптикалық жүйелер жасауға пайдаланылатын микрочиптер, машина жабдықтары жатады.
Қазір Ресейге қайтарма экспорт (реэкспорт) жасаудың негізгі орталықтары Қытай, Гонконг, Түркия, БАӘ, Марокко мемлекеттері, Орталық Азия (Қырғызстан, Қазақстан, Өзбекстан) және Закавказья (Грузия, Армения, Әзербайжан) елдері болып тұр.
Биылғы жылы Ресей мен Қытай арасындағы сауда айналымы $200 млрд-қа жеткен, Қытайдың Industrial and Commercial Bank of China, Bank of China, China Construction Bank, Agricultural Bank of China секілді банктері осы өсімді қамтамасыз етіп отыр. Сонымен бірге Ресейге 2022 жылдың наурызынан 2023 жылдың қыркүйегіне дейін импортталған полупроводниктердің 85 пайызы Қытай мен Гонконгтің үлесіне тиеді (Соғысқа дейін бұл көрсеткіш 27 пайызды ғана құраған).
Еуропа одағы тыйым салынған Еуропа тауарларының 70 пайызға жуығы Ресейге Қытай арқылы барып жетеді деп есептейді.
«АҚШ Ресейге санкцияны айналып өтуге жәрдемдесіп отырған бірқатар компанияларға бұған дейін санкция салған. Бірақ «қорытынды нәтижеде олар мұның да осал жерлерін тауып алып, әлі де көмек берулерін жалғастырып келеді», – деп түсіндірді FT газетінің тілшісіне АҚШ әкімшілігінің жоғары лауазымды шенеунігі.