Путин Батыспен байланыс үзілгесін соғысты бастағанын мойындады
МӘСКЕУ. 20 желтоқсан. Украинамен елшілік байланыс үзілгесін соғысты бастап кеткенін мойындады және украин жерінің бөлшекке түсетініне сәуегейлік жасады. Бұл туралы The Moscow News дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.
Владимир Путин бірінші рет Киевті бұрынғысынша Мәскеудің ықпалында ұстау кеңістігін сақтап қалуға жұмсалған ширек ғасырға жуық дипломатиялық күш салу уақытының босқа кеткенін растап, енді Украинаның өткен және арғы ғасырлардағы сияқты қайтадан бөлшекке салынатынын мәлімдеді. Оның айтуынша, Ресей Украинаның оңтүстік-шығысын алуға үмітті болып отырса, Польша, Румыния және Мажарстан секілді көрші елдер Екінші дүниежүзілік соғыстың қорытындысында айырылып қалған территорияларын алудан үмітті. Путиннің дипломатиялық саладағы олқылықтары салдарынан енді, міне, Ресей әскерилері Еуропада Екінші дүниежүзілік соғыстан бергі аралықтағы ең үлкен соғысты бастап кетуге мәжбүр болып отыр.
Ресей узурпаторының қорғаныс минитрлігінің сейсенбі күні өткен алқасында білдірген болжамы бойынша, соғыстың ең басты себебі АҚШ-тың Украинаны «НАТО-ға сүйреп кіргізуге» әрекет жасағаны болған.
«Маған осы турасында: «сен неменеге қорқып отырсың, біз оны қазір бәрібір алмаймыз» дейді. Мен: «қазір алмайсыңдарғ ал ертең ше?» деп сұраймын. Сол ертең қашан келіп жетеді? Бір жылдан кейін бе, екі жыл ма? Ресей мемлекетінің тарихи перспективалары мен стратегиялық мүдделері тұрғысынан келгенде, тіпті 10, әлде 15 жылдан кейін де бұл біз үшін келісуге болмайтын нәрсе. «Бүгін емес» деген не сөз? Ал ертең ше?», – деп былжырады Путин сосын өзіне тән ақсақ-тоқсақ сөйлемдерден құралған мыңқылбай риторикамен.
Бұдан әрі дәйексіз диктатор Батыстың Украинада қалай мемлекеттік төңкеріс жасағаны жөніндегі ертегіге бергісіз сүйікті тақырыбына көшіп, тағы лағып кетті. Ол 2014 жылы Қырымды аннексиялап басып алу мен Донбаста сепаристік соғыстың өртін қалай тұтындырғаны хақында айта келіп, «бізде басқа жол қалған жоқ» деп соқты.
«Батыс, әсіресе, мұхиттың арғы жағындағылар осының бәріне рахаттана қарап отырды. Осы тұрғыдан келгенде, – егер осылай деп айтуға келетін болса, – олар бізді әдемі алдап соқты. Соның салдарынан біз Украинаға соғыспен кіруге мәжбүр болдық», – деді сосын Путин тағы.
Қанқұйлы лидер өзінің әскерилер алдындағы сөзін Ресей Украина территориясының тұтастығына кепіл бола алатын еді деген мәлімдемесімен аяқтады. Енді оның қайтадан бөлшекке түсуіне де себепкер болғалы отыр.
«Ресей Кеңес Одағын құрған кезінде орыстың орасан зор тарихи территорияларын, орасан зор әлеуетін халқымен бірге жай бере салды және осы территориялардың бәріне орасан зор ресурстарын төкті», – деп бұрынғы әніне басты соңында әлемнің ең басты шовинист-рашисі.
Сондықтан, Путиннің пікірінше, тіпті арада жүз жылдан артық уақыт өтіп кетсе де, Украинаның оңтүстік-шығысы «өз адамдарының» тұрағы болып қала береді: «бұларда, – Ресейдің тарихи өңірлері, онда паспорттары қалай жазылғандарына қарамастан, – іс жүзінде орыс адамдары» тұрады».
Путин Украинаның батыс бөлігін Польшаның «Сталин Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін бере салған» тарихи жерлері деп атады. Ол осылайша Украина мен Польша арасына да от тастай кеткенді жөн көрді. Мұнымен де тоқтамай, батыс аумақта Румыния мен Венгрияның да өз үлестері бар екенін айтты. Міне, мұның атын «көтігүлділік» дейді. Тумысынан екіжүзді, сатқын, қорқақ адамдар осындай қадамдарға жиі барады.