Жаңалықтар жаңғырығыЭкономика

Қызылорда облысында биыл әлеуметтік-экономикалық дамуда өсім бар

ҚЫЗЫЛОРДА. 19 желтоқсан. Биыл Қызылорда облысының экономикасында әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштері бойынша оң өсім байқалады. Бұл жөнінде облыс әкімі баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

Облыстық статистика департаментінің бастығы Қайрат Әбсұлтанов осының жай-жапсарын өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында тарқатып айтып берді.

«Өнеркәсіп өндірісінің  көлемі – 102,1 пайыз, өңдеу өнеркәсібі – 128,9 пайыз, құрылыс жұмыстарының көлемі – 120,4 пайыз, негізгі капиталға салынған инвестиция – 118,4 пайыз, тұрғын үйлерді пайдалануға беру – 116,3 пайыз, көлік – 108,4 пайыз, сауда 104,7 пайыз болып өсті. 2023 жылғы 1 желтоқсанында 10736 заңды тұлға тіркелді. Оның ішінде 8755 бірлік субъекті жұмыс істеп тұр», – деді басқарма басшысы.

Қайрат Әбсұлтановтың айтуынша, сонымен қатар, биылғы жылдың III тоқсанында жұмыссыздар саны 16,6 мың адамды құраған. Бұл аймақта жұмыссыздық деңгейінің 4,8 пайыз екенін көрсетеді.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, Қызылорда облысында 2023 жылдың 3 тоқсанында бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 303675 теңгеге тең болды. Көрсеткіш экономикалық қызметтің барлық түрлерімен айналысатын ірі, орта және шағын кәсіпорындар негізінен алынды. Қазіргі таңда, еңбек ақының ең жоғары шамасы тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу қызметінде, ол 598 754 теңге болып тұр, ең төменгі жалақы ауыл, орман және балық шаруашылығы саласында, оның мөлшері 156094 теңге боп белгіленді.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button