Жаңалықтар жаңғырығыЭкономика

Еуропа одағы Украинаны қолдауы үшін Орбанға $10 млрд қаржы берді

БРЮССЕЛЬ. 14 желтоқсан. Еуропа одағы Венгрия (Мажарстан) премьер-министрі Виктор Орбан соғыста Украинаға қолдау көрсетеді деген аванспен оның еліне $10 млрд бөлетін болып отыр. Бұл туралы Reuters ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

«Еуропа елдерінің лидерлері Венгрияның бұған дейін вето қойып келгеніне қарамастан, сірә, осы аптада Украинаға қолдау көрсету үшін 50 млрд еуро көлемінде қаржы бөлетін шығар», – делінген хабарламада.

Бюджет жөніндегі еурокомиссар Йоханнес Хан агенттік тілшісіне осындай ой айтты.

Қазір Еуропа одағы бұған дейін Украинаға берілген 33 млрд еуролық займ мен 17 млрд еуро грантты есептен шығарып тастайтын шығар. Яғни олар украин еліне тегін берілген болып саналады. Бұл өзгерістерді ЕО-ның 27 елінің үкімет басшылары қолдап дауыс берді, тек Венгрия мен Словакия ғана қарсы шықты.

12 желтоқсанда Мажарстан премьер-министрі Виктор Орбанның саяси кеңесшісі Балаш Орбан өз елінің үкіметі, егер Будапештке көмек ретінде бөлініп қойылған 30 млрд еуроның бұғауын алатын болса, Украинаға 2027 жылға дейін 50 млрд еуро қаржы берілуіне қолдау көрсететінін айтты. Сосын келесі күні-ақ Еурокомиссия Мажарстанға берілетін ақшаның үштен бірі – 10 млрд еуросының бұғатын алып тастады. Бірақ Брюссельдегілер сол бойда мұның Украинаны қолдауға қатысы жоқ екенін мәлімдеді.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button