Жаңалықтар жаңғырығыСпорт

Чемпиондар лигасы: плей-офф кезеңіне шыққан клубтар түгел анықталды

ЖЕНЕВА. 14 желтоқсан. УЕФА-ның топтық кезеңіндегі ойындар толық аяқталды, плей-офф ойындарына қатысатын командалар түгел белгілі болды. Бұл туралы rast.kz хабарлайды.

Rast.kz хабардлағандай, желтоқсанның 14-іне қараған түні лигадағы ең соңғы ойындар ойналды. Бұл күні келесі кезеңге өтетін 16 команданың қалған екеуінің аттары анықталды. Гәп француздың «Пари Сен-Жермен» (ПСЖ) және португалдың «Порту» жасақтары жайлы болып отыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін 1/8 финалға ағылшынның «Арсенал» және «Манчестер Сити», итальянның «Лацио», «Интер» және «Наполи», испанның «Реал Сосьедад», «Атлетико Мадрид», «Барселона», алманның «Бавария», «Лейпциг» және «Боруссия Дортмунд», даттың «Копенгаген», нидерландтың «ПСВ Эйндховен» командалары өтіп қойған болатын.

Чемпиондар лигасы, VI тур

13 желтоқсан

Е тобы

«Селтик» (Шотландия) – «Фейеноорд» (Нидерланд) 2:1. Голдар: Луиз Пальма (33, пенальти), Густав Лагербильке (90+1) – Янкуба Минте (82).

«Атлетико» (Мадрид, Испания) – «Лацио» (Италия) 2:0. Голдар: Антуан Гризманн (6), Самуэл Лино (61).

Қорытынды турнир кестесі: 1. «Атлетико» – 14 ұпай; 2. «Лацио» – 10 ұпай; 3. «Фейеноорд» – 6 ұпай; 4. «Селтик» – 4 ұпай.

F тобы

«Боруссия» (Дортмунд, Германия) – ПСЖ (Франция) 1:1. Голдар: Карим Адейеми (51) – Варрен Заир-Эмри (56).

«Ньюкасл Юнайтед» (Англия) – «Милан» (Италия) 1:2. Голдар: Жозлинтон (33) – Кристиан Пулишич (59), Самуэль Чуквуезе (84).

Қорытынды турнир кестесі: 1. «Боруссия» – 11 ұпай; 2. ПСЖ – 8 ұпай; 3. «Милан» – 8 ұпай; 4. «Ньюкасл Юнайтед» – 5 ұпай.

H тобы

«Антверпен» (Нидерланд) – «Барселона» (Испания) 3:2. Голдар: Артур Вермерен (2), Винсент Янссен (56), Джордж Иленихена (90+2) – Ферран Торрес (35), Марк Гиу (90+1).

«Порту» (Португалия) – «Шахтер» (Донецк, Украина) 5:3. Голдар: Галено (9, 43), Мехти Тареми (62), Кеплер Лаверан Лима Ферейра (75), Франсишку Консейсан (82) – Даниил Сикан (29), Стивен Эуштакиу (72 СВ), Эгиналду (88).

Қорытынды турнир кестесі: 1. «Барселона» – 12 ұпай; 2. «Порту» – 12 ұпай; 3. «Шахтер» – 9 ұпай; 4.«Антверпен» – 3 ұпай.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button