Путинге санкцияны айналып өтуге көмектесіп отырған тағы бір ел анықталды
УАШИНГТОН. 28 қараша. Украинада басқыншылық соғыс жүргізіп отырған Ресейге айрықша көмектесіп келе жатқан Қырғызстан мамлакаты екені белгілі болып қалды. Бұл туралы Financial Times дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.
«Қырғызстан Батыстың Путин режиміне оның соғыс агрессиясына жауап ретінде салып отырған санкцияларды айналып өтуге көмектесіп келеді», – делінген хабарламада.
Ресей Украинаға соғыс ашқалы бері Қырғызстан Еуропа елдерімен тауар айналымы көлемін мың еседен аса асырып жіберген. Ол осылайша Мәскеудің ең түйінді экономикалық одақтастарының біріне айналған. Бішкек өзіне РФ-ға санкцияға іліккен тауарларды жеткізіп беріп тұратын тұрбаның қызметін жапсырып алған.
Сарапшылар осы уақытта Қырғызстанның Польшамен тауар айналымы 2100 пайызға, Германиямен 1300 пайызға, Чехиямен 1200 пайызға, ал Мажарстанмен 300 пайызға өскенін анықтады.
Қырғызстанның орасан зор экспорты авто саласынан айқын көрінеді. Ол 5500 пайызға артқан.
«Егер Орталық Азияның ортасындағы бұл шағын елдің сол уақыттар аралығында ешқандай экономикалық дүмпуге қол жеткізе қоймағанын ескерсек, мына көрсеткіштердің барлығы Мәскеуге санкцияны айналып өтуге жасалып жатқан әрекеттер екені анық көрініп тұр», – делінген хабарламада.
«Осының бәрі Ресей үшін жасалып жатқанын білу үшін ракеташы ғалым болудың қажеті жоқ», – деп жазады Financial Times.
Нәтижесінде Мәскеу санкцияға ұшыраған тауарларды қырғызстандық делдалдар арқылы қымбаттау бағасына сатып алып отыр. Ал Қырғызстан осы алып-сатарлықтан тауып отырған пайдасына мәз сияқты.