Армения Ресейден Францияның ықпалына өтті: екі ел әскери келісім жасасты
ЕРЕВАН. 23 қазан. Армения (Хайастан) Ресейдің ықпалынан шығып, Франциямен әскери келісім жөніндегі шартқа қол қойды. Бұл туралы «Генерал СВР» ақпарына сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.
Франция мен Армения қару-жарақ сатып алу жөніндегі ресми келісім жасасты.
Соңғы жылдары Ресей ұлайы өзінің Қап тауының етегіндегі мемлекеттерге ықпалын бірте-бірте жоғалтып, өңірге бақылау жасау мүмкіндігінен толық айрылып қалатын түрі бар.
Қарабақтағы оқиғалар Кремльдің мұндағы ахуалды өзінің назарында ұстап отырудан толық айрылып қалу қаупі бар екенін көрсетті. Ресей бұған қазір қауқарлы да емес. Сондықтан Ереван Мәскеуден іргесін аулақ салып, батысқа қарай бағыт ұстайтын жағдайға жетті. Армения сондай-ақ Ресейдің өзіне қолдау көрсетуден бас тартқан Путин режиміне ренжіп қалды.
Шын мәнінде бұл Ресейдің өзіне өзі шығарған үкімі сияқты болды, содан кейін Армения бағытын батысқа қарай түпкілікті бұрды.
Хайастан қорғаныс министрлігі Ереванның француз өнеркәсіпшілерінен қару-жарақтың бірнеше түрін сатып алғанын жариялады.
Ресей мен Армения арасының бірден күрт суып кетуіне армян елінің Рүм статутына қол қойғаны басты себепші болды. Енді Ереван егер елдеріне Путин келе қалса, оны кідіртпей қамауға алатын болады.