ХАМАС еврей балаларын жаппай өлтіріп жатқанын жоққа шығарды
ҚҰДДЫС. 12 қазан. Палестиналық ХАМАС тобы өзіне таңылған Израильде бейбіт тұрғындарға шабуыл жасап, балаларды өлтіріп жатыр деген айыпты мойындамайтынын мәлімдеді. Бұл туралы The Moscow News дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.
Мәлімдеме қозғалыстың ресми сайтында жарияланды.
ХАМАС-тағылар тек Израиль бекеттері мен соғыс базаларын атқылап жатқандарын баяндады. Ал азаматтық тұлғаларға шабуыл жасаудан «қашық болуға ұмтылуда». Олар еврей бұқаралық ақпарат құралдарындағы азат етілген жерлерден балалардың өлі денелері табылып жатқанын «жалған» деп атап көрсетті.
«ХАМАС қозғалысы қолдан жасалған бұл жалған айыптаулардың бәрін үзілді-кесілді жоққа шығарады, батыс баспасөзінің палестиналық күрескерлер азаттық үшін балаларды өлтіріп, бейбіт тұрғындарға шабуыл жасауда деген пайымдарының бәрі – өтірік», – делінген хабарламада.
Қозғалыстағылар мұндай фейк ақпарлардың тарауына «Израильдің оккупациялық пропагандасы» айыпты екенін жеткізді.