АҚШ Ресейдің бронды техникасын жою үшін Украинаға уранды снаряд жібереді
УАШИНТОН. 3 қыркүйек. АҚШ президентінің әкімшілігі РФ-ның бронды техникаларын жойып жіберу үшін Украинаға аздап уран қосылған снарядтар беруге шешім қабылдады. Бұл туралы The Moscow News дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.
Тиісті құжаттар мен америкалық екі шенеуніктің сөздеріне сілтеме жасаған Reuters агенттігі Пентагонның Украинаға бронды бұзып өтетін снарядтар жіберетінін атап өтті.
Снарядтар Украина Қарулы күштеріне алдағы аптада тапсырылатын жаңа әскери көмектің бір бөлігі болып табылады. Агенттік тілшісімен сөйлесуші оның құны құрамына қарай $240 — $375 млн аралығында болатынын мәлімдеді. Азайтылған ураны бар оқ-дәрілер қыркүйектің ортасында Украинаға жеткізілетін Abrams танкісі арқылы атылады.
АҚШ армиясы азайтылған уранды снарядтарды 1990 және 2003 жылдарда Парсы шығанағы мен Иракта болған соғыстар кезінде көп көлемде пайдаланды. Ал НАТО 1999 жылы Югославияны бомбылау барысында пайдаланды.
Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік (МАГАТЭ) бұрынғы Югославияда, Кувейтте, Иракта және Ливанда жүргізілген зерттеулер «қоршаған ортаға тарап кеткен азайтылған уран қалдықтарының тиесілі өңірлердің тұрғындары үшін радиологиялық қауіп-қатер төндірмейтінін» көрсеткенін мәлімдеді.