25 Тамыз, 15:08
RAST.kz
USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Times: Назарбаевтың қызы мен күйеу баласының Англияда активтері бар

3 Қыркүйек 2023 15:52
- Дәулет, Жаңалықтар
Times: Назарбаевтың қызы мен күйеу баласының Англияда активтері бар
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ЛОНДОН. 3 қыркүйек. Қазақстанның бұрынғы диктаторы Назарбаевтың қызы мен күйеу баласының Англияда өте қымбат тұратын активтері бар екені анықталды. Бұл туралы ҚазТАГ ақпарына сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.

Әлемдегі ең беделді басылымдардың бірі – британиялық The Times газеті арнайы зерттеу жүргізудің нәтижесінде Қазақстанды отыз жылға жуық уақыт армансыз билеген Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы Дариға Назарбаева мен күйеу баласы Тимур Құлыбаевтың Англияда қымбат активтері бар екеніне толық көз жеткізді.

«Автократтар балалары арасында Британияда құны 250 млн фунт стерлинг тұратын жылжымайтын мүлікке еге Әзербайжанның билеуші отбасы, Ангола экс-президентінің қамалудан қашып жүрген қызы, бұрынғы қазақ диктаторының күйеу баласы бар», – делінген басылым хабарламасында.

Атап өтілгендей, жаңа заңдар Англия мен Уэльсте жылжымайтын мүліктері бар оффшорлық компаниялардан олардың түпкі (шын) егелерін шетел компаниялары тізімінде нақты атап көрсетуді талап етеді.

«Бұрын мүліктің бұл жағы құпия ұсталатын. Қазір ол құпиялылық алынып тасталды. The Times басылымының шетел компаниялары реестріне жүргізген анализі Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы Дариға Назарбаеваның Лондонда құны 40 млн фунт стерлингтен асып түсетін жылжымады мүлкі бар екенін көрсетті. Бұған «Челси» ауданындағы жалпы құны 31 млн фунт стерлингтен артық екі пәтер және «Хайгейттегі» құны 9,3 млн фунт стерлингті құрайтын үй кіреді. Осы аралықта экс-президенттің күйеу баласы Тимур Құлыбаев жаяу жүріспен «Гайдн-парктен» бірнеше минуттық жерде орналасқан құны 1,5 млн фунт стерлинг болатын ат қораның түпкілікті егесі екені айғақталды», – делінген хабарламада.

Газеттің мәліметі бойынша, Құлыбаев ат қорасын оффшорлық компания арқылы сатып алған екен.

«Британия үкіметінің Қазақстанда жұмыс істеуші кәсіпорындар үшін әзірлеген ресми басшылығында 2010 жылы Назарбаевты «өмірлік ұлт көшбасшысы» еткен өз үкіметі оған өзі қалаған кезінде кез келген заңға вето салып, парламентке шығу құқығын беріп қойғаны атап көрсетілген. Онда тағы: «Заңнамада сондай-ақ бірінші президенттің абыройы мен ар-намысын қорлаған кез келген тұлғаны жазаға тарту қарастырылған. Шамасы, Назарбаевтың саяси аренадағы ықпалы әлі де сақталып қала беретін сияқты», – деген ескерту бар еді.

Сол ықпал шынында қазіргі күндері де мызғымай тұрғаны байқалып қалды. Мұны Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың екі күннен бергі тағайындауларына іліккендер қатарында отыз жылда елде жемқорлардың үлкен армиясын қалыптастырып кеткен бұрынғы мемлекет басшысының төл кадрлары мен руластарының бар екені анық аңғартады.

 

Таңбалар: Дариға Назарбаеважылжымайтын мүлікЛондонТимур Құлыбаев

Ұқсас мақалалар

Финдер ресейліктерге жылжымайтын мүліктер сатпайтын болды
Дәулет

Финдер ресейліктерге жылжымайтын мүліктер сатпайтын болды

27.10.2025
Лондон Украинаға қару-жарақ алу сатып алу үшін көп қаржы берді
Жаңалықтар

Лондон Украинаға қару-жарақ алу сатып алу үшін көп қаржы берді

15.04.2025
Дариға Назарбаева отбасымен бірге құны 52,6 млн теңгелік кешке қатысқан
Әлеумет

Дариға Назарбаева отбасымен бірге құны 52,6 млн теңгелік кешке қатысқан

22.08.2024
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist