Қытай Украина жөніндегі келіссөзге Ресейдің қатысқанын қаламайды
БЕЙЖІҢ. 4 шілде. Қытай Украинадағы соғыстың ендігі тағдыры жөніндегі келіссөзге Ресейдің қатысқанын жөн көрмейтін мемлекеттердің қатарына қосылды. Бұл туралы The Moscow News дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.
Қытай Ресейдің қатысуынсыз өтетін Украина жөніндегі келіссөздерге атсалысуға дайын.
Украинадағы соғыс ұзаған сайын Қытай Ресейге деген бұрынғы қатынасын өзгертіп, соғысты бейбіт келісіммен аяқтауға бағытталатын жоспарларды талқылауға әзір екенін байқата бастады. Бұл келіссөздерде Ресей әскерлерін украин жерінен толық шығарып әкету, яғни басып алынған территорияларды босатуды талап ету бірінші кезекке қойылады.
Алдағы демалыс күндері Сауд Арабиясында екінші халықаралық конферанция өткелі тұр. Онда ықтимал бейбіт келісімдер шарттары талқыланады. Маусым айының соңында Копенгагенде өткен бірінші конференция сияқты бұл да Украинаның бастамасы бойынша ұйымдастырылған болатын. Онда бірінші кездесудегі сияқты Украина президенті Володимир Зеленьскийдің 2022 жылдың соңында ұсынған 10 тармақтан тұратын бейбіт келісімге келу жөніндегі шарты талқыланады.
Қытай лидері Щи Дзиңпиң онда өзінің Украинадағы жағдайды бейбіт жолмен реттеу жөніндегі арнайы елшісі Ли Хуэйді жібереді деп күтілуде. Оның қатысуы Қытай мен АҚШ-тың Украинадағы ахуалды бірлесе талқылаударына кең мүмкіндік береді. Себебі, бұл жиынға Джо Байденнің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джейк Салливан да бармақшы.