25 Тамыз, 04:08
RAST.kz
USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қызылордада MBA Impact Forum форматында іс-шара өтті

22 Наурыз 2026 11:45
- Жаңалықтар, Қайнар
Қызылордада MBA Impact Forum форматында іс-шара өтті
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ҚЫЗЫЛОРДА. 22 наурыз. Қызылорда қаласында Қызылорда облысы әкімдігінің қолдауымен MBA AlmaU Impact Forum форматында «Көшбасшылар диалогы» ұйымдастырылды. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімі баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

Қазақстанның алғашқы астанасында керуен керген форум кәсіпкерлерді, компания басшыларын, AlmaU-дың MBA және DBA бағдарламаларының түлектерін, сондай-ақ бизнес пен көшбасшылық саласының сарапшыларын бір алаңға біріктірді.

Іс-шараның негізгі тақырыбы Қызылорда өңірінің дамуына кәсіпкерлік пен бизнес-білімнің ықпалы болды.

Соңғы жылдары өңір бірқатар жаңа экономикалық сын-қатерлерге тап болуда. Атап айтқанда, дәстүрлі салалардың трансформациясы, еңбек нарығындағы өзгерістер және адами капиталды дамыту қажеттілігі артып келеді.

Осыған байланысты басқарушылар мен кәсіпкерлердің жаңа буынын қалыптастыратын бизнес-білімнің маңызы ерекше артып отыр.

Соңғы жылдары Қызылорда өңірінде AlmaU-дың MBA және DBA бағдарламаларын 150-ден астам тыңдаушы тәмамдады. Олардың қатарында кәсіпкерлер, ірі компаниялардың топ-менеджерлері, медицина саласының өкілдері және мемлекеттік қызметшілер бар.

Форум аясында белгілі кәсіпкер әрі жеке бренд жөніндегі сарапшы Әлішер Елікбаев «Impact-көшбасшылықтағы жеке брендтің рөлі» тақырыбында баяндама жасады.

Сондай-ақ, AlmaU MBA бағдарламасының түлектері өз тәжірибелерін ортаға салып, бизнес пен білімнің өңірде оң өзгерістер жасауға қалай ықпал ететінін нақты кейстер арқылы көрсетті.

Форум барысында AlmaU Жоғары бизнес мектебінің өкілдік директоры Ақмарал Тоқмұрзиева арнайы презентациямен сөз сөйледі. Ол өз сөзінде:

«MBA – тек қаржылық табыс әкелетін инвестиция емес, бұл – ойлау деңгейіне, шешім қабылдау ауқымына және өмір сапасына қайтарылатын инвестиция», – деп атап өтті.

Форум кәсіпкерлік, білім және көшбасшылық арқылы өңір экономикасын дамытудағы жаңа мүмкіндіктерді талқылайтын маңызды диалог алаңына айналды.

Таңбалар: MBA Impact ForumҚызылордафорум

Ұқсас мақалалар

Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды
Жаңалықтар

Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

24.08.2026
Қызылордада «Мерейлі отбасы» байқауының қорытындысы өзінің мәресіне жетті
Әлеумет

Қызылордада «Мерейлі отбасы» байқауының қорытындысы өзінің мәресіне жетті

22.08.2026
Қызылордада үй кезегінде тұрған 90 отбасыға жаңа пәтерлер берілді
Аймақ

Қызылордада үй кезегінде тұрған 90 отбасыға жаңа пәтерлер берілді

22.08.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist