Жаңалықтар жаңғырығыҚайнар

Қызылорда облыстық онкология орталығы заманауи ғимаратқа көшті

ҚЫЗЫЛОРДА. 28 шілде. Қызылорда облыстық онкология орталығы көптен күткен мақсатына жетіп, жақсы жабдықталған жаңа ғимараттан орын алды. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

Жаңа мекен Қызылорда қаласының Берке хан көшесі бойындағы 49 «А» мекен-жайға орналасқан.

Облыстық онкология орталығы үстіміздегіжылдың 19 шiлдесiнен бастап Модульдік инфекция орталығында халыққа қызмет көрсетіп келеді.

Орталық кең әрi науқастардың ем алуына толық жағдайы жасалынған 200 төсек орынға арналған жаңа ғимаратта жұмысын жалғастырады. Сондай-ақ, орталықтың емхана бөлімі дәрігердiң кеңесін қажет ететін және жоспарлы ем алу мақсатында ауруханаға жатуға жолданған пациенттерді де қабылдайды.

Жаңа ғимараттың әр палатасында 2-3 ем алушыға арналған және пациенттер үшін арнайы санитарлық тораптармен (әжетхана, жуыну бөлмесі), желдеткіштермен, орталықтандырылған оттегімен қамтамасыз етілген.

Орталықтың жансақтау бөлімі 6 төсек-орыннан 12-16 төсек-орынға дейін кеңейтілген. Бұлардан бөлек, мұнда жақсы жабдықталған 2 операциялық зал бар.

Тағы бір айта кететін жайт, ғимарат қосымша жаңа компьютерлік томограф, заманауи рентген аппаратымен, видеоэндоскопиялық аппаратпен жабдықталған.

Жансая НҰРҚОЖА

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button