Жаңалықтар жаңғырығыСпорт

Пара дзюдо: Теміржан Дәулет – Әлем Кубогының иегері

ТБИЛИСИ. 24 ақпан. Қазақстандық спортшы Теміржан Дәулет пара дзюдодан Тбилисиде өткен Әлем Кубогы үшін турнирде алтын медаль жеңіп алды. Бұл туралы «Спутник Грузия» хабарлады.

Турнирде Теміржан 73 килоға дейінгі салмақта күш сынасты.

«Спортшы жартылай финалда әлемдік рейтингіде көш бастап тұрған неміс дзюдошысы Николас Корнхасты тізе бүктірді. Финалда испан Гавилан Лорензоны ұтты», – делінген Ұлттық паралимпиялық комитет баспасөз қызметінде.

Теміржан Дәулет – пара дзюдодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 2018 жылы өткен Азия пара ойындарының қола жүлдегері, 2019 жылғы Бүкіләлемдік IBSA ойындарының күміс жүлдегері, Азияның 2019 жылғы чемпионы.

Тбилисиде өткен Әлем Кубогы жарысына 13 елден алғашқы ондыққа кіретін спортшылар қатысты.

Бәрекелді!

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button