«Кремльдің ойыны осылды. Енді нағыз тозаққа түседі» – журналист Невзоров
КИЕВ. 6 шілде. Украинаны әртүрлі тыйым салынған қарулармен атқылауды тоқтатпаған Ресейдің бетін қайтаруға АҚШ шындап кіріскен сияқты. Бұл туралы The New York Times ақпарына зер салған rast.kz хабарлайды.
«АҚШ майдандағы күштердің орналасу жағдайын айтарлықтай өзгертіп жіберу үшін Украинаға кассетті оқ-дәрілер беру жөнінде шешім қабылдады», – делінген хабарламада.
Вашингтон ақыры Киев көптен бері сұрап жүрген қаруды ақыры беруге ұйғарым жасапты. The New York Times газетінің Америкадағы мәнбелері бұл мәселенің түпкілікті шешіліп қойылғанын, Украина Қарулы күштері жақын аралықта айтылып отырған снарядты алатынын мәлімдеді.
Ресейлік белгілі журналист Александр Невзоров Ақ үй шешімінің майдандағы жағдайды күрт өзгертіп жіберіп, Украинаның көп басымдыққа ие болатынын, мұның өзі соғыстағы бетбұрыс болып табылатынын атап көрсетті.
«Көп ойнақтаған бота от басар. Ресей бәрін өзі тілеп алды. Дандайсыған Кремльдің ойыны осылды. Енді елдің жұрты тозақ дегеннің қандай болатынын көре бастайды», – деді ол.
Журналист өзінің сөзінде РФ оккупанттарының көптен бері Украинаның бейбіт аудандарын, тұрғын үйлері мен әлеуметтік инфррақұрылымдарын неше түрлі снарядтармен және ракеталармен атқылап жүргендерін, олардың арасында қолдануға тыйым салынған бомбалар мен зымырандар бар екенін ауызға алды.
«Ресейдің алуан түрлі оңбаған әрекеттеріне украиндардың жауабы енді осылай барынша қатты да қаһарды болмақ», – деді ол.
«Украинаның Ресейге қарсы кассетті снарядтарды қолдануға толық хақысы бар. РФ бұған өзі «еңбек сіңірді». Рас, кассетті снарядтарға тыйым салынған. Кассетті оқ-дәрілерге тыйым салу жөніндегі конвенцияға 113 ел қол қойған. Бірақ бұлардың арасында Украина да, АҚШ та жоқ», – деп қорытты Невзоров.
Еске сала кетейік, РФ армиясы 2023 жылғы сәуір айында Константиновканың орталығын кассетті снарядтармен атқылады, олары тұрғын үйлерге барып түсті. Өкінішке қарай, азаматтық тұрғын үй бүліншілікке ұшырап, үш адам қаза тапты.
Ақ үйдегілер Украина Қарулы күштеріне кассетті оқ-дәрілер жөнінен көмек көрсетілсе, ол қарсы шабуыл кезінде көп пайда әкеледі деп есептейді.
Журналист Александр Невзоров былтыр соғыс басталғаннан кейін, 2023 жылғы сәуірде Ресейден кетіп қалып, Украинаға келіп қоныс тепті.