Үндістан Ресейдің Украинадан басып алған территорияларын мойындамайды
УАШИНГТОН. 23 маусым. Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди АҚШ-қа барған мемлекеттік сапары кезінде Украинаның территориялық тұтастығын қолдайтынын мәлімдеді. Бұл туралы The Washington Post дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.
Үндістан үкіметінің басшысы Америка Конгресі алдында сөйлеген сөзінде РФ басқыншы армиясының украиннан аннексиялап алған жерлерін мойындаудан бас тартты. Оның сөзінің басты тарауларының бірі Ресей мен Украина арасындағы соғыс болды. Моди әлем тәртібі БҰҰ жарғысы қағидаттарын сақтауға, дау-жанжалдарды бейбіт жолмен шешуге, мемлекеттердің егемендігі мен территориялық тұтастығын құрметтеуге негізделгенін атап өтті.
Премьер-министрдің сөзі үндінің Wion телеарнасы арқылы трансляция жасалды. «Мен қазір соғыс дәуірі емес екенін тура және көпшіліе алдынла айттым. Бұл – диалог пен дипломатия дәуірі», – деді ол. Сосын бұған «біздің бәріміз қан төгіс пен адамдар арасындағы зардап шегушілікті тоқтату үшін қолдан келгеннің бәрін жасауымыз керек» дегенді қосты.
Үндістан премьерінің АҚШ-қа сапарының қорытындысында Ақ үйде Моди мен Америка президенті Джо Байденнің бірлескен мәлімдемесі жарияланды. Онда екі ел лидерлерінің халықаралық құқықты, БҰҰ жарғысы қағидаттарын және территориялық тұтастықты мойындайтындары айтылған. Сондай-ақ Уашингтон мен Нью-Делидің «Украина халқына гуманитарлық көмек беруді жалғастыруды міндеттеріне алатындары» атап көрсетілген.
Моди АҚШ-қа 20 маусым күні мемлекеттік сапармен келді. Ол алдымен Нью-Йорктегі БҰҰ штаб-пәтеріне соқты, содан кейін Байденмен және басқа да ресми тұлғалармен кездесу үшін Уашингтонға ұшып барды.
Моди АҚШ-қа сапары кезінде ірі әскери шартқа қол қойды. Онда АҚШ-тың Үндістанға қазіргі заманғы қорғаныс технологияларын беретіні атап көрсетілген.
Үндістан осылайша бұдан былай Ресей қаруларын сатып алудан бас тартып отыр.