Шығыс Қазақстанда сотталғандарға азап көрсету орын алғаны анықталды
ӨСКЕМЕН. 1 маусым. Шығыс Қазақстан облысында полицияның тапсыруымен колонияда сотталғандарды азаптау оқиғалары болып тұрған. Бұл туралы Бас прокуратураның мәліметіне сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.
Бас прокуратураның баспасөз қызметі арнайы прокурорлардың мәселенің анық-қанығына жеткендерін баяндады.
«Шығыс Қазақстанда сотталғандарды азаптау орын алғаны дәлелденді», – делінген бейсенбі күні таратылған хабарламада.
Атап өтілгендей, прокуратура органдарының негізгі міндеттерінің бірі азаптаудың жолын кесу болып табылады, қадағалау ведомствосы тергеудің заңсыз әдістері мен сотталғандарға қатыгездік көрсеткені үшін кінәлі адамдарды жауапқа тартуға қол жеткізіп келеді.
«Осылайша биылғы жылғы ақпанда бас прокурордың наразылығы бойынша Жоғарғы Сот Ішкі істер министрлігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің жедел уәкілі болып табылатын полиция қызметкері М.-ға қатысты Шығыс Қазақстан облысы облыстық сотының апелляциялық сатысының ақтау үкімінің күшін жойды», – делінген хабарламда.
Қадағалау ведомстводағылар алдымен полицейдің бұған дейін азаптауды ұйымдастырғаны үшін бірінші сатыдағы сотпен сотталып, үш жыл алты айға бас бостандығынан айырылғанын нақтылап алды.
«Тергеу барысында Бас прокуратураның арнайы прокурорлары мекемедегі бұрыңғы полиция басшылығының қылмыстық жазасын өтеп жатқан адамдарға азаптау тәсілдерін қолданғанын растайтын нақты дәлелдерді тапты. Атап айтқанда, полиция қызметкері М. өзіне тәуелді қатынастағыларға басқа сотталғандарға азаптау әрекеттерін қолдануға нұсқау бергені айғақталды. Сотталғандар жазаны өтеу режимінің бұзылуына жатпайтын тәртіп бұзушылықтар үшін жазаланып отырған. Мысалы, сотталған адам жақсы қырынбағаны үшін немесе мекеме қызметкерлерінің аты мен әкесінің атын ұмытып кеткен кездерде «жазалау машинасы» дереу іске қосылып тұрған. Мұндай деректерді анықтау жөніндегі жұмыстар жалғасып жатыр», – делінген хабарламада.
Қазіргі таңда бұрынғы полиция қызметкері М. азаптауды ұйымдастырушы ретінде сотталды.