Ресей армиясы Шебекино селосын Путиннің бұйрығымен атқылады
МӘСКЕУ. 1 маусым. Ресей әскерилері Белгород облысындағы Шебекино селосын Ресей президенті Владимир Путиннің бұйрығы бойынша атқылаған болып шықты. Бұл туралы ресейлік пабликтер дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.
«Ресей әскерлері Шебекинодағы өз азаматтарын «Солнцепек» отты жүйесімен атқылап жатыр», – делінген хабарламада.
Ресейдің соғыс қылмыскерлері халықты арандату және қорқыту мақсатында Белгород облысының өздеріне қарасты территория аумағындағы бейбіт тұрғындарына қарата оқ жаудыруға шешім қабылдаған. Мұны айғақтайтын видеоны «Украина 365» телеграм-каналы жариялады.
Интернетте тараған видеосюжетте Ресей әскерилерінің «Солнцепек» ТОС-1А ауыр отты жүйесімен Белгород облысының Шебекино селосы жақты қалай атқылап жатқаны анық көрінеді.
Бұдан кейін олар бейбіт тұрғындардың ту сыртына шығып кетіп, Ресей Федерациясының бақылауында тұрған территорияға барып тұрақтады. Елдің ең жоғары басшылығынсыз пәрменінсіз мұндай әрекеттің жасалуы мүмкін емес. Сондықтан өз елді мекендерін оқтың астына алудың арғы жағында Ресей диктаторы Владимир Путиннің тұрғаны еш күмән туғызбайды.
«Бұл – барып тұрған ессіздік! Шебекинодан жергілікті тұрғындар эвакуацияланған жоқ. Ресейдің қылмысты билігі өз терілері мен өмірлерін сақтап қалу үшін ел тұрғындарын тірілей жандырып жіберуге даяр. Олар мұны тағы дәлелдеді», – деп жазды «Информационное сопротивление» тобының әскери-саяси шолушысы Александр Коваленко.
Бұрынғы парламентарий және украин әскери қызметкері Борислав Береза РФ қорғаныс министрлігінің Белгородқа қалқымалы бомба тастап жатқанына ешқандай таңғалмайтынын айтты. Ол халықты алдапғ алдаусыратуға арналған бұл арандату әрекеттерінің көздеген өз мақсаттары бар екенін алға тартты.
«1. Әуелгіде олар Воронежді бомбылаймыз деп әзілдеді. 2. Содан соң ресейлік әскери ұшақтар Белгородтың үстінен ұшып бара жатып, бірнеге авиабомбыны «түсіріп» алды, бірақ олар жарылмай қалды. 3. Енді кезекті авиабомба айтылды. Мен РФ-ның бұл әрекетін тіпті қалай бағалауға болатынын да білмеймін. Сөзім жоқ. Ұшақ ұшып барады, сол кезде Белгородтың Харьков таулары ауданында жарылыс болады, жергілікті тұрғындар снаряд жарықшақтарынан жарақат алып қалады. Мұның бәрін қалай түсіндіруге болады, басым жетпейді», – деп жазды Береза.
Еске сала кетейік, бүгін Шебекинода көтерілісшілердің шабуылынан тұрғындар қатты үрейге берілді. Санаулы уақыт ішінде 40 мың адамдық қала қаңырап қалды, кәсіпорындар жұмыстарын тоқтатты, электр жарығы желіден ажыратылды.
Осының қарсаңында Ресей мемлекеттік думасы қорғаныс комитетінің мүшесі Андрей Гурулев диверсанттар РФ территориясына ендеп кіре алмауы үшін Шебекиноны дәлдеп бомбылау керек екенін ұсынған еді. «Бізге бүгін уақыт керек, туралап тұншықтыру және соққылау керек, соның ішінде Шебекиноны да. Мен мұны, соның ішінде қалқымалы бомбыларды тастауды авиация атқарып шыға алады деп ойлаймын. Онда басқа ештеңе жасай алмайсың», – деді ол.
Бірқатар ресейлік ресурстар бұдан кейін Шебекинода РФ армиясы мен «Свообода России» легионының арасында танктер соғысы жүріп жатқанын баяндады.