Жаңалықтар жаңғырығыОқиға

Қызылордада 56 жастағы әйел бір айдан бері табылмай жатыр

ҚЫЗЫЛОРДА. 23 мамыр. Сыр бойындағы баса қалада тұратын 56 жастағы әйел бір айдан бері табылмай жатыр. Бұл туралы «ҚазАқпарат» дерегіне сілтеме жасаған rast,kz хабарлайды.

Қызылорда қаласында тұратын 56 жастағы Зағира Бердібекқызы Бәйімбетова 19 сәуір күні үйінен белгісіз бағытқа шығып кеткен. Содан бері қайта оралмаған. Осыған орай Қызылорда қалалық полициясы басқармасы оған іздеу жариялаған.

Ерекше белгілері: бойы: 155 – 160 см, толық денелі, аққұба келген, шашы сары түсті.

«Аталған хабарлама бойынша қандай да бір ақпарат немесе жүрген жері туралы мәлімет білген жағдайда +7 705 255 8125 телефон нөміріне немесе 102 арнасына қоңырау соғуларыңызды сұраймыз», деген мәлімдеме таратты Қызылорда қалалық полиция басқармасы.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button