Айгүл Орынбек: Қызылорда облысының әкімі Нәлібаевтың жұмысы – бес!
ШЫМКЕНТ. 23 мамыр. Түркістандық белгілі заңгер Айгүл Орынбек Facebook әлеуметтік желісінде Қызылорда қаласының тазалығына өзінің аса риза болғанын жазады. Бұл туралы rast.kz хабарлайды.
Қызылорда қаласында болып қайтқан Айгүл Орынбек әлеуметтік желіде облыс мен облыс орталығы жөнінде өзінің ойын білдіріп, оған сүйсініп қайтқанын атап өтіпті.
Ол Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың жұмысына 5 деген баға береді де, қаланың тазалығына қатты сүйсінгенін жайып салады. Сол сияқты аймақ басшысының Сырдария өзенінің бойын халықтың сереуіндеуіне ыңғайландырып қойғаны өте қатты ұнатынын айтады.
Заңгер өзінің жазбасын бұдан ары былай жалғастырады:
«Президент саябағындағы көрініс: көкжайлауда демалып отырған халықты, әсіресе балалардың мәз-мейрам күй кешіп жүргендерін көріп, көзің қуанады екен.
Тазалық ұғымын қаланың ішіне ғана емес, облысқа қарасты аудан арасы яғни үлкен Батыс Қытай жолына да қатысты айтқым келеді.
Әжетханалар, жол белгілері, одан бөлек жол бойындағы бағаналардың бәрін әктеп-сырлап, тақадай етіп тазалап жүрген адамдар көп. Яғни, тазалық үшін бөлінген қаржы қарапайым жұмысшылардың қалтасына түсіп жатқанын осыдан-ақ байқауға болады…
Шыны керек, шымкенттіктер Әйтенов келгелі, қоқыстан көз ашпай қалдық, ал мынандай таза қаланы көріп ШОК болады екенсің!»
Қызылорда халқына ұсыныс: Әйтеновті Нәлібаевқа ауыстырасыңдар ма?»
Сөз етіліп отырған Нұрлыбек Нәлібаев 2022 жылдың 7 сәуірінен бері Қызылорда облысын басқарып келеді.
Айтса айтқандай, ол келгелі аймақтың әлеуметтік-экономикалық ахуалы күрт жақсара бастады. Бұрынның тазалық пен тәртіпке қатты мән беретіндігімен жұрт көңілінде жылы ұялап қалған басшы жаңа қызметінде өзінің бұл қасиетін арттырмаса, бір мысқал да төмендете қойған жоқ. Қаланың көшелері өзі әкім болып жүрген кездегіден бетер жарқырай түсті. Тіпті облыс орталығының сиқын қашырып жүрген жолаушы тасымалындағы «Газельдерге» дейін маршруттан ығыстырып шығарылды.
Айта кету керек, Нәлібаев Нұрлыбек Машбекұлы өзінің қызметтегі өсу жолдарын осы облыстың өзінде бастады. Еңбек жолын коммерциядан елеп шығарған ол 2005-2007 жылдары Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары, 2007-2008 жылдары облысы әкімі аппаратының басшысы, 2008-2013 жылдары Шиелі ауданының әкімі, 2013-2021 жылдары Қызылорда қаласының әкімі, 2021-2022 жылдары Қазақстан Республикасы Премьер-министрі Кеңсесінің өңірлік даму бөлімінің меңгерушісі болып қызмет атқарды.