Чемпионат қорытындысында Қазақстан құрамасы екінші орын алды
ТАШКЕНТ. 14 мамыр. Бүгін Ташкентте аяқталған бокстан әлем чемпионатының қорытындысында Қазақстан құрама командасы ресми емес есеп бойынша екінші орынға орналасты. Бұл туралы rast.kz хабарлайды.
Сөз жоқ, бұл еліміз құрамасы тізгінін белгілі маман Мырзағали Айтжанов қайта ұстағаннан кейінгі қысқа мерзім ішінде қол жеткізілген орасан зор табыс болды. Біз мұндай жетістікке 2013 жылы Алматыда өткен әлем чемпионатынан кейін екінші рет жетіп отырмыз. Сол жолы да құраманың бас жаттықтырушысы Мырзағали Құланұлы болатын. Ал чемпионатта біздің боксшылар 4 алтын, 2 күміс және 2 қола медаль жеңіп алған еді. Ташкент рингінде сол 4 алтын медальдың үлесі қайталанып отыр.
Командалық есепте 5 алтын, 2 күміс және 2 қола медальмен алаң иелері – Өзбекстан командасы топ бастады. Екінші орынға 4 алтын, 1 күміс медальмен Қазақстан құрамасы жайғасты. Ал үшінші орын 2 алтын, 4 қола медалі бар Ресей құрамасына бұйырды.
Бұдан кейінгі орындарға мына командалар табан тіреді: 4.Куба (1-3-2), 5.Франция (1-1-1), 6.Грузия (0-1-2), 7-9. Моңғолия, Бразилия, Әзербайжан (0-1-1), 10-11.Қытай, Италия (0-1-0), 12-13.Үндістан, Испания (0-0-3), 14.Армения (0-0-2), 15-18.Қырғызстан, Иордания, Тәжікстан, Мексика (0-0-1).
Ташкент рингінде жалпы қазақ ұландары 5 алтын, 2 қола медальды қанжығаларына байлады. Біз, әрине, бұл орайда Өзбекстан құрамасы сапында өнер көрсеткен Руслан Абдуллаев пен Қытай елінің намысын қорғаған Таңатқан Тоқтарбек есімді қандастарымызды санатқа алып отырмыз.
Сол сияқты 80 келіге дейінгі салмақтың финалында екі қазақ боксшысының – Нұрбек Оралбай мен Таңатқан Тоқтарбектің алтын медальды сарапқа салғанын мұның алдында атап өткенбіз. Бұл біздің есімізге қазақстандық қазақ Бақыт Сәрсекбаев пен қытайлық қазақ Қанат Ислам тап осылай чемпиондық атақ үшін таласқа түскен 2008 жылғы Бейжің Олимпиялық ойындарының финалын түсіріп отыр.
Енді чемпионат жүлдегерлерінің толық құрамымен таныс болыңыздар.
Чемпионаттың жүлдегерлер тұғыры
48 кг. 1.Санжар Тәшкенбай (Қазақстан); 2.Сахил Алахвердови (Грузия); 3.Эдмонд Худоян (Ресей), Алехандро Кларо Физ (Куба).
51 кг. 1.Хасанбой Дусматов (Өзбекстан); 2.Билал Беннама (Франция); 3.Мартин Молина Салвадор (Испания), Дипак Дипак (Үндістан).
54 кг. 1.Махмуд Сабырхан (Қазақстан); 2.Ойбек Жураев (Өзбекстан); 3.Йосвани Вейтиа Сото (Куба), Дмитрий Двали (Ресей).
57 кг. 1.Абдумалик Халоков (Өзбекстан); 2.Дел-Рей Сайдел Орта Родригес (Куба); 3.Мунарбек Сейтбек уулу (Қырғызстан), Хуссам Уддин Мохаммед (Үндістан).
60 кг. 1.Софиян Оумиха (Франция); 2.Фрисланди Алварес Боргес (Куба); 3.Всеволод Шумков (Ресей), Мохаммад Абу-Жажен (Иордания).
63,5 кг. 1.Руслан Абдуллаев (Өзбекстан); 2.Чингзориг Баатарсух (Моңғолия); 3.Ованес Бачков (Армения), Баходур Усмонов (Тәжікстан).
67 кг. 1.Асадхужа Муйинхужаев (Өзбекстан); 2.Дулат Бекбауов (Қазақстан); 3.Мишелт Баттумур (Моңғолия), Лаша Гурули (Грузия).
71 кг. 1.Асланбек Шымбергенов (Қазақстан); 2.Саиджамшид Жафаров (Өзбекстан); 3.Нишант Дев (Үндістан), Уандерсон Де-Оливейра (Бразилия).
75 кг. 1.Йоенли Фелиси Эрнандес Мартинес (Куба); 2.Уандерей Перрейра (Бразилия); 3.Мерено Фендеро (Франция), Алохон Абдуллаев (Өзбекстан).
80 кг. Нұрбек Оралбай (Қазақстан); 2.Таңатқан Тоқтарбек (Қытай); 3.Имам Хатаев (Ресей), Газимагомед Жалидов (Испания).
86 кг. 1.Шарабутдин Атаев (Ресей); 2.Берто Лорен Алфонсо Домингес (Әзербайжан); 3.Рогелио Ромеро (Мексика), Георги Кушиташвили (Грузия).
92 кг. 1.Муслим Гаджимагомедов (Ресей); 2.Азиз Аббес Моухидин (Италия); 3.Лазизбек Муллоджонов (Өзбекстан), Нарек Манасян (Армения).
+92 кг. 1.Баходир Жалолов (Өзбекстан); 2.Алехандро Арзола Лопес Фернандо (Куба); 3.Айуб Гадфа Дрисси Ел-Ассоуи (Испания), Мохаммад Абдуллаев (Әзербайжан).
Суреттерде: 1.Қазақстан құрама командасының бас жаттықтырушысы Мырзағали Айтжанов жаттығу кезінде; 2.Қазақстан құрамасының құрамы