Жаңалықтар жаңғырығыСпорт

Сүйінші, ағайын! Нұрбек Оралбай – бокстан әлем чемпионы!

ТАШКЕНТ. 14 мамыр. Ташкентте бүгін мәреге жеткен бокстан әлем чемпионатында қазақстандық Нұрбек Оралбай 80 келіге дейінгі салмақта әлем чемпионы атанды. Бұл туралы rast.kz хабарлайды.

Осы жолы әлем чемпионатының финалында екі елдің намысын қорғап жүрген екі қазақ жігіті кездесті. Шаршы алаңда біздің Нұрбекке қытайлық Таңатқан Тоқтарбек қарсылас болды.

Екі қазақтың шайқасы өте тартысты өтті. Оның бірінші раундында Нұрбек 4:1 есебімен басым тұрды. Келесі раундта 3:2 деген есеп тіркелді. Бәрін үшінші раунд шешті. Жалпы есеп 4:1 болып аяқталды.

Нұрбек Ташкент рингіндегі бірінші жекпе-жегін 5 мамырда ойналған 1/16 финалда әзербайжан Мурад Аллахвердиевпен қолғап түйістіріп, оны 5:0 етіп ұтты

Мамырдың 9-ында түрік Каан Айкутсынды 1/8 финалда дәл сондай есеппен жеңіп шықты.

Одан кейін 10 мамырда өткен ширек финалда Азияның 2022 жылғы чемпионы, иорданиялық Эшайш Хуссейн Йашайштан 5:0 есебімен басым түсті.

Ал 12 мамыр күні арқан керген жартылай финалдық шайқаста Токио Олимпиадасаның қола жүлдегері, ресейлік Имам Хатаевтан әр раунд сайын басым түсіп отырды. Ақырында 4:1 деген есеппен финалға жолдама алып шықты.

Кезекті алтын медаль құтты болсын, ағайын!

Сонымен, белгілі маман Мырзағали Айтжанов басқарған Қазақстан құрамасының боксшылары Ташкент төрінде 4 алтын, 1 күміс медальмен командалық есептеп екінші орын алды. Бірінші орынға 5 алтын, 2 күміс, 2 қола медалі бар Өзбекстан терма жамоаты шықты.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button