Севастопольдегі «бавовнадан» соң ресейліктер Қырымнан қашып жатыр
СИМФЕРОПОЛЬ. 30 сәуір. Севастопольдегі жарылыстан кейін Қырымнан ресейліктер жаппай қашуға бағыт алды. Бұл туралы украин ресурстары деректеріне сүйенген rast.kz хабарлайды.
Апыл-ғұпыл кетіп бара жатқандардың арасында әскерилер де аз емес. Осы үлкен нөпірдің салдарынан Қырым көпірі үстінде ен-апат кептеліс пайда болған.
«Батқан кеменің бейбақтарын» бұлайша дүрліктірген Севастополь түбіндегі мұнай базасына украиндардың соққы беруі болып отыр.
«Аннексияланған Қырымда ресейлік оккупанттар Казачья бухтадағы мұнай базасына тура түскен соққыдан кейін жаппай қашып, көпірге баратын жолдардың бойында кептеліс туғызды», – делінген хабарламада.
Бұқаралық ақпарат құралдары «үйге, Ресейге қарай тіпті үкіметтік ұшақ та кетуге жиналды» деп жазып жатыр.
Ресей басқыншылары өздерінің әскери бөлімшелерін қару-жарақпен жабдықтап отыру үшін заңсыз соққан Керчь көпірі бағытында ұзақтан-ұзақ шұбатылған кептеліс пайда болған.
Ал Севастополь түбіндегі ірі мұнай қоймасына 29 сәуір күні украин дрондары шабуыл жасаған болатын.
Дәл сол күні Украина президенті Володимир Зеленьский жақында ресейліктердің Қырымнан жаппай қаша бастайтынын мәлімдеді.