Украина Қарулы күштері қарсы шабуылды 30 сәуірде бастайды
ВАШИНГТОН. 17 сәуір. АҚШ барлау қызметі Украинаның РФ басқыншыларына қарсы соғысты 30 сәуірде бастайды деп күтіліп отырғанын баяндады. Бұл туралы шетел таблоидтары дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.
Newsweek басылымы Пентагонның құпия материалдарын зерттей келіп, Украина Қарулы күштерінің 30 сәуірде жаппай қарсы шабуылға кірісетінін жазады. Бұдан бөлек, сәуірдің соңында Батыстан Украинаға қажетті техникалар келіп түседі, деп есептейді Америка барлауы.
АҚШ Қорғаныс министрлігі украинның жаңадан құрылған бригадаларының техникаға деген сұраныстары 253 танк, 381 механикаландырылға машина, 480 моторлы машина, 147 артиллериялық қару және 571 бронды Humvee арнайы автомобилі екенін атап көрсетті.
Құжаттарда украинның барлық әскери қызметкерлерінің шетелдерде оқып келгендері айтылады. Оларды қарсы шабуылға дайындағандар тікелей НАТО елдерінің әскери қызметкерлері екен.
Бұдан бұрын Reuters Украина Қарулы күштерінің дерегіне сүйеніп, украин армиясы қатарына алынған 40 мың жас сарбаздың майданды жарып өтуге арналған штурм жасақтары ретінде әзірленгенін баяндады.