Ташкентте өтетін әлем чемпионатына 104 елдің боксшылары қатысады
ТАШКЕНТ. 17 сәуір. Өзбекстан байтағы – Ташкент шаһарында 1-14 мамыр аралығында өтетін бокстан ерлер арасындағы әлем чемпионатына 104 ел тіркелді. Бұл туралы IBA сайтына сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.
Сайыс «Хумо Арена» спорт кешенінде жалау көтереді.
Қазіргі таңда 13 салмақ дәрежесі бойынша 640 боксшының тіркелгені белгілі болып отыр. Тіркеу 14 сәуірде аяқталды.
Тіркелгендер арасында әлемнің соңғы 7 чемпионы бар. Олар: франциялық Софиян Омиха, жапондар Томоя Цубои мен Севонретс Окадзава, әзербайжандық Йозилис Эрнандес Лорен Альфонсо, қазақ Сәкен Бибосынов және кубалық Хулио Ла Круз. Бұлардан бөлек, әртүрлі чемпионаттарда көптеген медальдарға қол жеткізген саңлақтар есімдері де аталады.
Жаһандық жарыстың көніне екі еселенген мөлшерде сыйақы қойылатын болып отыр. Ол 5,2 миллион АҚШ доллары көлемін құрайды. Чемпионатта алтын жүлдегерлер 200 мың доллар алса, күміс медаль иегеріне 100 мың доллар, қола жүлдегерге 50 мың доллар мөлшерінде қаржы тапсырылады.
Сайыс 30 сәуірде салтанатты жағдайда ашылады. Бірінші жекпе-жектер 1 мамыр күні өтеді. Финалдық шайқастар 13-14 мамыр күндері ойналады.
Сонымен бірге, агрессор елдер – Ресей мен Беларусь боксшыларының қатысатындары себепті АҚШ, Англия, Нидерланд, Ирландия, Уэльс, Шотландия, Солтүстік Ирландия, Польша, Канада, Чехия, Швеция, Норвегия, Жаңа Зеландия, Украина федерациялары чемпионатқа бойкот жариялап, Нидерландта баламалы жарыс өткізетіндерін мәлімдеді.