Германия РФ-ның спорт жарыстарына қатысуларына жол бермейді
БЕРЛИН. 10 сәуір. Германия ХОК қандай шешім қабылдаса да, Ресей спортшыларын ез елінде өтетінг жарысқа жібермейтінін мәлімдеді. Бұл туралы шетел таблоидтары деректеріне сүйенген rast.kz хабарлайды.
Германия сыртқы істер министрі Нэнси Файзер Халықаралық олимпиялық комитеттің Ресей спортшыларына қатысты қандай шешім қабылдағанына қарамастан, оларды елге кіргізу не кіргізбеу жөніндеғі соңғы үкімді әрбір мемлекеттің өзі қабылдайтынын ашып айтты.
«Германия ХОК-тың РФ спортшыларын халықаралық жарыстарға жіберу жөніндегі талабын орындамайды. Тіпті ХОК-тың өкілдері РФ спортшыларының халықаралық жарыстарға қатысуларына келісім беріп қойған күннің өзінде де, Берлин егер жарыс Германияда өтетін болса, олардың бірде-бірін елге кіргізбейді», – деді ол.
Нэнси Файзер өзінің бұл тұжырымын немістің NTV ресурсына берген сұхбатында білдірді. Ол халықаралық жарыс өтетін кез келген елде РФ спортшыларын елге кіргізу-кіргізбеу мәселесін шешу еркі шараның егелерінде қалатынын айтты. Соңғы сөзді қашанда жарыс өтетін мемлекеттің өзі шешеді.
Бұдан бірер күн ғана бұрын Польша ресейліктердің қатысуларына рұқсат етілгендіктен, өз елінің территориясында семсерлесуден әлем чемпионатын өткізуден бас тартты.
Украинаның спорт министрлігі ресейліктер сайысқа түсетін кез келген халықаралық жарысқа өз спортшыларының қатысуларына тыйым салды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын ХОК Варшавада өтетін «Еуропа ойындары-2023» сайысына РФ және Беларусь спортшыларының жіберілмейтінін мәлімдеген болатын.