Жаңалықтар жаңғырығыСпорт

Ресей мен Беларусь құрамалары 2024 жылғы әлем чемпионатына жіберілмеді

ЦЮРИХ. 22 наурыз. Халықаралық хоккей федерациясы (IIHF) Ресей мен Беларусьті халықаралық турнирлердің берінен шеттетуді одан әрі жалғастырды. Бұл туралы «Советский спорттың» дерегіне сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.

«Халықаралық хоккей федерациясы Ресей мен Беларусь құрамаларын 2023/2024 жылдарғы маусымда халықаралық жарыстарға жібермеу жөнінде шешім қабылдады», – делінген хабарламада.

Анықталғандай, ұйым басшылығы ресейліктер мен белорустарды жарыстарға қосудың ақыры қауіпсіздікке залал келтіреді деп санайды.

Еске сала кетейік, Ресей және Беларусь құрамалары Халықаралық хоккей федерациясының шешімімен 2022 жылғы ақпан айынан бері халықаралық жарыстарға қатыстырылмай келеді. Бұған Ресей басқыншы армиясының 2022 жылғы ақпанда Украинаға басып кіруі, оған Беларусьтің қолдау көрсетуі бірден-бір себеп болды.

Суретте: Александр Лукашенко мен Владимир Путин

 

Ескерту!  

rast.kz сайтының кез келген материалын редакцияның арнайы рұқсатынсыз көшіріп алып жариялауға тыйым салынады. Плагиат жасаушы «Авторлық құқық туралы» Заңға сәйкес қудаланады.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button