Иран Әзербайжанға шабуыл жасап, Әлиевке жазасын береміз деп жатыр
ТЕГЕРАН. 22 наурыз. Иранның Ислам революциясын қорғау корпусы Әзербайжанды басып алып, Әлиевтің «жанын шығарамыз» деп айбат шегуге кірісті. Бұл туралы шетел ресурстарына сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.
Кремльдің мұраттасы – Иран егер Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев тарапынан «жаулық іс-әрекеттерді» байқайтын болса, бірден шабуыл жасайтындарын мәлімдеп, Бакуге қаһарын тігіп отыр.
2023 жылдың басынан бері Ислам революциясын қорғау корпусы (ИРҚК) Ильхам Әлиевке «Украина мен Саддам Хусейннің қателігін» қайталап алмауды ескерте отырып, егер Иранға қарсы агрессия жасайтын болса, бірден «шешімді тойтарыс» беретіндерін айтып келеді. 21 наурыз күні Иран корпусымен байланысы бар мәнбе Әзербайжан мен оның президенті Ильхам Әлиевтің жеке өзіне жасалған қоқан-лоққы жазылған роликті таратты.
Аталмыш роликтің кадрлары «Украина 365» ТГ-каналында жарияланды. Онда Иран дрон-камикадзесінің «Бір жолы біз де жетеміз» деген сөздермен Әзербайжанға шабуыл жасап жатқан шағы бейнеленген. Видео бұқаралық ақпарат құралдарында Тегеранның Әзербайжан мен Армения шекарасында жауынгерлік дайындық деңгейін көтеруге шешім қабылдағаны жайлы хабар жарияланғаннан кейін пайда болды.
Sepah Pasdaran хабарлағандай, Иран Әзербайжан әскерлерінің жылжу бағытын бақылау үшін аспанға ұшақтарын ұшырып шығарған.
Ескерту!
rast.kz сайтының кез келген материалын редакцияның арнайы рұқсатынсыз көшіріп алып жариялауға тыйым салынады. Плагиат жасаушы «Авторлық құқық туралы» Заңға сәйкес қудаланады.