Украина Мәскеуде Щи мен Путин кездескен күні Қырымға шабуылдады
СИМФЕРОПОЛЬ. 21 наурыз. Кеше Қытай көсемі Щи Дзиңпиң мен РФ диктаторы Владимир Путин кездескен күні украин дрондары Қырымға шабуыл жасады. Бұл туралы шетелдік ақпарат құралдарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
«Қырымның солтүстігіндегі Джанкой қаласында жарылыстар мен атыстар дауыстары естілді», – деп баяндады жергілікті тұрғындар.
«Қалаға дрондар шабуыл жасады, нәтижесінде бір адам жарақат алды», – деп мәлімдеді Қырымның губернаторы Сергей Аксенов.
«Типичный Джанкой» телеграм-каналы жарылыстар мен атыстардың дауыстары жазбасын ұсыныпты, ал «Украина сейчас» телеарнасы жарылыстар естіліп жатқан жақтан түсірілген видео жариялады. Бірақ олардың шынайы екенін жедел растаудың мүмкіндігі жоқ.
Жергілікті Readovka басылымы ұшқышсыз ұшақты ПВО-ның атып түсіргенін айтып жатыр.
«Алдын ала мәлімет бойынша, дронның сынықталы сол жердегі бір үй мен дүкенге залал келтірген, бір адам жарақат алып қалған. Оқиға орнына Қырым республикасы министрлер кеңесі төрағасының орынбасары Игорь Михайличенко кетті. Соңғы сағаттарда өтемақы жайлы шешім қабылданады. Мен барлық ведомстволар жұмыстарын үйлестіріп, жұмыс орнында отырмын», – деп жазды Аксенов телеграм-каналда.
Ескерту!
rast.kz сайтының кез келген материалын редакцияның арнайы рұқсатынсыз көшіріп алып жариялауға тыйым салынады. Плагиат жасаушы «Авторлық құқық туралы» Заңға сәйкес қудаланады.