Латынина: Қызықтың көкесін Қытай РФ-ны басып алғанда көресіңдер
МӘСКЕУ. 19 наурыз. Ресейлік танымал журналист-жазушы Юлия Латынина Қытайдың түпкі жоспары Ресейді жаулап алу екенін мәлімдеді. Бұл туралы «Диалог.ua» сайтына сілтеме жасаған rast.kz хабарлады.
Юлия Латынина жымысқы ойлы Қытай басшысы Щи Дзиңпиңнің мүддесі Ресейге көмектесу емес, оның жерлерін тұтасымен не ішінара басып алу екенін, ал бұған Батыстың реакциясы қандай болатынын баяндады.
«Ресейдің ат төбеліндей билігіне енді екінің бірін: не елді Қытайға толық тәуелді етуді, не Путинді өз қолдарымен тақтан тайдыруды таңдауға тура келеді», – деді ол.
Танымал журналист бұл пікірлерді Қытай басшысының Ресейге келу сапарының ақиқи мақсаты жайлы әңгімелеу барысында айтты. Оны YouTube каналынан көруге болады.
Жазушы Ресейдегі қазіргі ахуалдың Қытай үшін неге тиімді екеніне де тоқталып өтті.
«Бұдан бөлек, бұл Батыс ойынының сүреңін өзгертеді, – деді ол сосын. – Мұндағы Қытай мүддесі қандай? Қытай Путиннің шығатын жер таппай, тығырыққа тірелгенін түсінгеннен кейін оған Ресейді құрбандыққа шала отырып, өзін құтқармақ болған жолын ұсынды… Мен Қытай үшін дәл қазір өте-мөте тиімді шақтың туып тұрғанын бұған дейін де талай мәрте айтқанмын. Өйткені, Ресей қазір тура Солтүстік Кореяның жағдайына, жұрттың бәріне жексұрын болып біткен елдің кейпіне келді».
Юлия Латынина Ресейдің экономикалық ахуалы өте нашар екенін де назардан тыс қалдырмады. Ол Ресейдің бүгінде өзінің мұнайы мен газын тиынға сатып отырғанын, одан өте-мөте аз ақша түсетінін, оның өзі кезінде Қытайдан алған несиені жабуға жіберіліп жатқанын айтты. «Сонда бұл Қытайға қажетті бағам бойынша кетіп жатқан виртуалды ақша болып тұр ғой», – деді ол.
«Путин өзіне Украинаны қосып алып, тұтасымен жұтып жібермекші болып еді, мұның ақыры өзіне өте қолайсыз болып тиді: оның бассыз әрекеттері нәтижесінде Қытайдың Ресейді өзіне қосып алып, оны шикізат өндіретін аймағы етіп қою ықтималдылығы өте жоғары көтеріліп кетті. Қытайдың Ресейді өзіне қосып алу жоспарын жүзеге асыратын шақтың келгенін көрсетеді. Айта кету керек, Батыс бұрын бейтарап тұрған Қытайдың ойынға қосылатынын түсінген кезде, қызықты оқиғалар орын ала бастады. Байқап қарағанда, АҚШ та, Еуропа да Ресейді Қытайға бергісі келмейтіндерін білдіріп, Путин үшін оншалықты қорлық бола қоймайтын варианттарды іздестіруге кірісті», – деп журналист мәселенің мәнін аша түсті.
Батыс пен АҚШ Путиннің күні енді тек бата беретініне еш күмәнданып отырған жоқ.
Ескерту!
rast.kz сайтының кез келген материалын редакцияның арнайы рұқсатынсыз көшіріп алып жариялауға тыйым салынады. Плагиат жасаушы «Авторлық құқық туралы» Заңға сәйкес қудаланады.