Украина әскерлері тәулікте Ресейдің 50-ге жуық техникасын жойып жіберді
КИЕВ. 19 наурыз. Украина Қарулы күштері өткен тәулік ішінде ресейлік басқыншылардың 50-ге жуық танкісін, бронды машиналары мен артиллерия жүйесін тас-талқан етті. Бұл туралы «Украинская правдаға» сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.
Бас штабтың мәліметінше, Ресей оккупанттары тәулік бедерінде кемінде 21 танкісі мен 23 бронды машинасынан айырылған, сондай-ақ 710 солдаты жер жастанған.
2022 жылдың 24 ақпанынан 2023 жылдың 19 наурызына дейінгі аралықта жаудың шамамен 134 910 солдаты, 3 532 танкісі, 6 853 бронды соғыс машинасы, 2 568 артиллериялық жүйесі, 5 408 автомашинасы мен автоцистернасы жойылып кеткен.
Суретте: қираған Ресей танкісі
Ескерту!
rast.kz сайтының кез келген материалын редакцияның арнайы рұқсатынсыз көшіріп алып жариялауға тыйым салынады. Плагиат жасаушы «Авторлық құқық туралы» Заңға сәйкес қудаланады.