Жаңалықтар жаңғырығы

Пригожин Кремль төңірегінен өзіне әлеуетті жарылқаушы тауып алды

МӘСКЕУ. 8 наурыз. Соғыстың арқасында толымды тұлғаға айналған Евгений Пригожин Путиннің жақын шеңберінен өзіне жебеуші тапты: режим шашылып қалғалы тұр. Бұл туралы оппозициялық ресурстар мәнбелеріне сүйенген rast.kz хабарлайды.

РФ-ның басты басмашылары – «Вагнер» жеке әскери құрылымының құрбашысы Евгений Пригожин Кремльдің қолдан жасап қойған олигархы Игорь Сечинмен ауыз жаласып кеткенге ұқсайды. Өз кезегінде бұл Путин құрған диктаторлық режимнің ежелгі мызғымас тұрақты қалпына сызат түсіп, іргесі сөгілуге көшкенін айғақтайды.

Ресей саяси технологы, РФ диктаторының бұрынғы спичрайтері (сөйлейтін сөзін жазып беріп тұратын қызметкер – ред.) Аббас Ғалламов Facebook-тегі блогында осы жайында әңгіме қозғады.

Бұдан бұрын екі елірменің ауыз жаласып, «бір астаудан су іше бастағандарын» сол сияқты ресейлік оппозициялық «Можем объяснить» ресурсы да Сечиннің қарауындағы «Роснефть» компаниясының басшылығына жақын, жағдайдан хабары бар мәнбеге сүйене отырып хабарлаған болатын. Онда «музыканттар» атаманының бірер күн алдын «Роснефть» қожайынымен оңаша кездесіп, әлдеқандай бір жобаға қаржылай көмек алатын болып қайтқаны айтылады. Бірақ жобаның нақты мәні мен мақсаты әзірге жұмбақ күйінде қалып тұр.

Дегенмен, блогер Ғалламов бұл келісімнің РФ Қауіпсіздік кеңесі райысының аузы арақтан босамайтын жексұрын орынбасары Дмитрий Медведевке қарсы бағытталатынына күмән келтірмейді.

«Бұл екеуі (Сечин мен Пригожин – ред.) жағдайды ұдайы ушықтырып жүруге әдеттеніп алды, олар соңғы айларда күшейіп бара жатқан Медведевті ұнатпайды, сондықтан күштерін біріктіріп, оған қарсы тұрулары мүмкін. Егер бұл жағдай орын ала қалса, онда елді біздің Брянскіде көргеніміз сияқты арандатушылықтар жайлайды», – деп түсіндірді саяси технолог.

Ол өзінің түсіндірме жазбаларында РФ диктаторы Путин өзінің сыртынан «шалшық су шашып» жүрген жақын шеңберін бақылауда ұстаудан қалып барады деген тұжырым айтты.

«Шынында солай сияқты. Бәрі шашылып қалғалы тұр», – деп атап өтті Ғалламов.

Өз сәруары Сечиннің құдіреттілігіне секемсіз сенген «аспаздың» енді бұрынғыдан бетер батыл қимылға көше бастайтыны анық.

«Диалог.ua» сайты мұның алдында Бахмут үшін шайқастың өрістеуі барысында Евгений Пригожиннің РФ қорғаныс министрі Сергей Шойгумен тағы шәлкем-шалысқа келіп қалғанын жазды. Сол кезде Бахмутты ала алмаған құрбашы өзінің Петербургте «революция ұйымдастыратынын» мәлімдеген еді.

Редакция блогтың мазмұны үшін жауап бермейді. Редакцияның пікірі автор ойынан басқаша болуы мүмкін.

 

Ескерту!  

rast.kz сайтының кез келген материалын редакцияның арнайы рұқсатынсыз көшіріп алып жариялауға тыйым салынады. Плагиат жасаушы «Авторлық құқық туралы» Заңға сәйкес қудаланады.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button