Жаңалықтар жаңғырығыҚайнар

Путин кенет жоғалып кетті: Кремль бүгін оның бұрынғы сюжетін көрсетті

МӘСКЕУ. 8 наурыз. РФ бұқаралық ақпарат құралдары Владимир Путиннің бір аптадан бері жұртшылық алдына шықпай, кенеттен жоғалып кеткенін жазып жатыр. Бұл туралы ресейлік басылымдарға сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.

Журналистер Кремльдің 8 наурыз күні оның бұдан апта бұрын дайындалып қойылған сюжетін көрсетіп жатқанына назар аударды.

«Путиннің өткен түнде эфирге жіберілген ресейлік қыз-келіншектерді 8 наурыз мерекесімен құттықтауы өткен аптаның ішінде жазылғанын Кремль сайтына салынған роликтегі мета-мәліметтер көрсетіп тұр. Ондағы мета-мәліметке қарағанда, видео 2 наурыз күні сағат 9:35-те жазылып алынған. Сол күні РФ-ның Брянск облысына диверсанттар шабуыл жасады», – делінген хабарламада.

Ресейдің «Проект» басылымының тілшілері Путиннің тағы да кенеттен жоқ болып кеткенін атап көрсетті. Бірақ Кремль байбатшасының неге жазбаны мерекеден бір апта алдын жаздырып қойғаны әзірге белгісіз. Жалпы, Путин өзінің «патшалық құрған» ұзақ жылдары ішінде осылай бірнеше рет жұртшылықтың көз алдынан жоғалып кетіп тұрған болатын. Ол жоқ болып кеткен кездердің бәрінде диктатордың алдын ала түсіріліп қойылған кездесулері жөнінен «қалбырлар» («консервы») деп аталатын дайын сюжеттер беріле бастайды.

Кремль бұл құралды 2010 жылдың басынан бастап игеріп, қолданысқа енгізуге кірісті. Ол Ресей билеушісінің денсаулық жағдайына байланысты көпшіліктің көз алдынан уақытша кете тұруына мүмкіндік береді.

Бүгін Кремль тағы да Путиннің жоқ болып кеткенін білдірмеу мақсатында «қалбырлар» деп аталатын түсірілімдерді эфирге шығарды.

Кремльдің мәліметі бойынша, жұма күні өткен қауіпсіздік кеңесінің отырысында президент қара пәнжек, ақ жейде киіп отырған. Оның әйелдерді құттықтаған сәтінде де сол қалпында екені байқалады. Мұның екеуінде де Путин ұнжырғасы түсіп кеткен көңілсіз кейіпте көрінеді.

Жинақ банкінің басшысы Герман Грефпен сейсенбі күні өтті желінген кездесуінде де диктатор сол қара пәнжегі мен ақ жейдесі пішінінде отырды. Сондықтан теориялық жағынан алып қарағанда, бұл ұшырасу да өткен аптада, тіпті дәл сол 2 наурыз күні түсірілген болуы ықтимал.

Кремль жұмадан бері Путиннің қатысуымен өткен тағы бірнеше шара жөнінде хабарлады. Олардың арасында Курган облысының губернеторымен конференц-байланыс арқылы әңгімелесу, Запорожье облысы губернаторының міндетін атқарушымен «кездесу» (Кремль оның бұл жалған басшымен бірге отырған суретін берген жоқ), Қазақстан, Өзбекстан және Иран президенттерімен телефон арқылы сөйлесу бар.

 

Ескерту!  

rast.kz сайтының кез келген материалын редакцияның арнайы рұқсатынсыз көшіріп алып жариялауға тыйым салынады. Плагиат жасаушы «Авторлық құқық туралы» Заңға сәйкес қудаланады.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button