19 Қазан, 07:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Нығматуллиндер соттатқан азаматқа қатысты іс толық тоқтатылды

17 Ақпан 2023 20:53
- Жаңалықтар, Құқық
Нығматуллиндер соттатқан азаматқа қатысты іс толық тоқтатылды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АСТАНА. 17 ақпан. Ағайынды Нығматулиндер соттатты деген балқаштық Қуат Сұлтанбековке қатысты қылмыстық іс біржола тоқтатылды. Бұл туралы Arbat.media хабарлады.

Оқиғаның басы бізді 2011 жылға алып барады. Сол жылы балқаштық кәсіпкер Қуат Сұлтанбеков «Қарағандының жарты патшасы» болып тұрған ағайынды егіз Нұрлан және Ерлан Нығматуллиндерге өзінің меншігіндегі демалыс аймағын беруден бас тартады. Осылай басталған кикілжің арада бір жыл өткеннен кейін кәсіпкердің 21 жылға сотталып кетуімен аяқталады.

Әрине, мұның қалай ұйымдастырылғаны белгілі еді. Елдің бірінші тұлғасының панасында жүрген «дүмімен диірмен тартатын» ағайынды екі жігіт өздерімен ұстасқан кәсіпкерді заматында қылмыскер етіп шығара салды.

Malim.kz-тің жазуынша, қазір Қуат Сұлтанбековке 2012 жылы тағылған айыптардың барлығының жалған екені дәлелденген. Жоғарғы Сот 10 жыл бойы түрмеде отырған азаматқа қатысты үкімнің күшін жойды.

Жоғарғы Соттың Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданы сотының 2012 жылғы 25 мамырдағы үкімін, Қарағанды облыстық сотының апелляциялық сот алқасының 2012 жылғы 10 шілдедегі қаулысын, облыстық сотқа қарайтын кассациялық сот алқасының Сұлтанбековке қатысты 2012 жылғы 28 тамыздағы қаулысының күшін біржола жойды.

Енді қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес, Сұлтанбековке істі жүргізетін органның заңсыз әрекеттері салдарынан келтірілген моральдық шығын өтелетін болды.

Қаулыда Сұлтанбековтің 2012 жылғы 27 қаңтарда Алматы-Екатеринбург автожолының 1073-ші шақырымында ұсталғаны айтылады. Полицейлер одан атыс қаруын тапқанын айтқан. Ұсталған сәтте, сондай-ақ сотқа дейінгі тергеу және басты сот талқылауы барысында Сұлтанбеков оқталған тапаншаны полиция қызметкерлерінің лақтырып жібергенін айтты.

Қаулыда Сұлтанбековтың жеке тексеру хаттамасында ол ұстаған заттарды тексеру қара түсті тапаншаға ұқсас зат табылғаны және тәркіленгені жазылған. Мылтық ақ түсті картон қорапқа салынған, оған куәгерлер қол қойды, Сұлтанбеков қол қоюдан бас тартты. Тексеру барысында Panasonic бейнекамерасына жазба түсірілді. Іс материалдарынан тексеру хаттамасының бейнежазбасы жоқ, өйткені, бейнекамера ақаулы күйде болған.

Сотта куәгерлерден жауап алынған. Олар – А.Борисов пен А.Ахметов «заттай дәлелдемелерді қарау кезінде іс жүргізу әрекеттері бұзылғанын» жеткізген.

«Қылмыстық іс жүргізу кодексі бойынша, Сұлтанбековке қатысты бұрынғы сот актілерінің күші жойылады», деп түсіндірді Жоғарғы Сот.

Өткен жылдың шілдесінде Жоғарғы сот тергеу жүргізген. Жәбірленушілер мен куәгерлер өздерінің дене жарақатын басқа адамдар салғанын мәлімдеді. Яғни, Сұлтанбековке тағылған айыптар жалған болып шыққаны анықталды.

2012 жылы Ерлан Нығматулинмен болған кикілжіңнен кейін балқаштық кәсіпкер Қуат Сұлтанбеков 21 жылға сотталып, 10 жылын отырып шыққан. БАҚ-та Нығматулиндердің Сұлтанбековқа тиесілі демалыс айлағын рейдерлікпен тартып алғандығы жөнінде ақпарат жазылған еді.

«Бұл іс бойынша Сұлтанбеков жәбірленуші деп танылды. Мәселе Сұлтанбековке тиесілі демалыс аймағына қатысты. Кәсіпкердің адвокаты мен іскердің ресми өкілдерінің айтуынша, олар Нығматулиндер тарапынан рейдерлік басып алуға ұшыраған», – деген болатын елордалық адвокаттар алқасының адвокаты Мәулен Әлімбаев.

Ал осындай заңсыз әрекеттердің артында тұрған Нығматулиндер енді қандай жаза тартады?

Таңбалар: Ерлан НығматуллинҚуат Сұлтанбековрейдерсот

Ұқсас мақалалар

Түркістан облысында тойда діни уағыз айтқан тұрғынның ісі сотқа жолданды
Жаңалықтар

Түркістан облысында тойда діни уағыз айтқан тұрғынның ісі сотқа жолданды

08.09.2026
Зорланғанын айтқан қыздың арызын қараусыз қалдырған полицейге сот үкімі шықты
Жаңалықтар

Зорланғанын айтқан қыздың арызын қараусыз қалдырған полицейге сот үкімі шықты

31.07.2026
Симоньянға қастандық жасаушылардың алды 20 жылға сотталды
Жаңалықтар

Симоньянға қастандық жасаушылардың алды 20 жылға сотталды

04.07.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленський Трамптың сөзіне еріп, Украинаны жауға бере салуға ықтияр емес

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist