Жаңалықтар жаңғырығыҚайнар

Алматыда тегін таратылатын «МЕТРО» газеті шыға бастады

АЛМАТЫ. 17 ақпан. Алматыда оқырманға тегін берілетін «МЕТРО» газеті шығарылып жатыр. Бұл туралы ҚазТАГ хабарлады.

«Достар, сіздермен қуанышты жаңалығыммен бөліскім келеді! «МЕТРО» атты жаңа газетті жарыққа шығардық. Оның алғашқы 12 мың данасын Алматы метросынан, сондай-ақ танымал супермаркеттердің сөрелерінен таба аласыздар, мүлде тегін беріледі. Мен үшін бұл айрықша маңызды оқиға. Бұл идеяны 2006 жылдан бері өмірге енгізбек болып едім. Мен газет оқитын қауымға сенемін, біз оқу өнерін жоғалтпауға тиіспіз», – деп мәлімдеді жұма күні газетті шығарушы және ҚазТАГ-тың негізін қалаушылардың бірі Әсет Матаев.

Ол қазіргі заманғы социологтар адамдардың цифрлы детокске ұмтылуын өсіп келе жатқан микротренд деп атайтынын атап көрсетті.

«Жұрт технологиядан артта қалып қоюлары мүмкін, бірақ білім мен қажетті ақпараттан кейін қалуға болмайды. Редакция сіздер үшін қазақ, орыс тілдерінде, кейінірек ағылшын тілінде әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси тақырыптарда жаңалықтар, талдаулар мен шолулар дайындайтын болады. Табыс тілейміз!», – дегенді қосты сосын Матаев.

 

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button