Астанада жүріп жатқан Бишімбаевтың сотына мәскеулік Ксения Собчак келді
АСТАНА. 22 сәуір. Әйелін асқан қатыгездікпен өлтірді деген айыппен ісі қаралып жатқан Қуандық Бишімбаевтың сотына ресейлік тележүргізуші Ксения Собчактың келгені белгілі болды. Бұл туралы Tengrinews.kz ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
«Ресейлік журналист әрі тележүргізуші Ксения Собчак бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот отырысына Қазақстанға келді», – делінген портал хабарламасында.
Еске сала кетейік, бүгін процес жүріп жатқан Астана мамандандырылған ауданаралық соты бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне сот залына кіруге рұқсат етті. Сот баспасөз қызметі Мәскеуле тұратын тележүргізушінің аккредитациядан өткенін растады. Бір айырмашылығы, Собчак жәбірленуші тараптың туыстары арасына отырғызылған.
Бұған дейін ресейлік журналист Telegram-арнасында экс-министрдің соты мен тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заң туралы айтқан болатын.
Ксения Анатольевна Собчак осының алдында өзінің Telegram-арнасында былай деп жазды:
«Мне нравится, как в Казахстане жёстко прессуют в суде (и обществе) бывшего министра национальной экономики (по совместительству отмороженного ублюдка, конечно же), который до смерти забил свою жену.
Мне кажется, скоро это будет самая прогрессивная страна бывшего СНГ.
Итак, вчера сторона обвинения показала видео, на котором обвиняемый Куандык Бишимбаев избивает Салтанат Нукенову в своём ресторане. От полученных травм та умерла.
По версии обвинения, Нукенова находилась в психологической и финансовой зависимости от мужа, а Бишимбаев впадал в состояния «одержимой ревности» и регулярно избивал её.
8 ноября 2023 года они поссорились в ресторане Bau (принадлежит обвиняемому), Бишимбаев несколько раз ударил Салтанат по голове, бил ногами и таскал за волосы. Затем затащил в одну из VIP-кабинок, где, предположительно, продолжил избивать и душить. На следующий день Нукенова была найдена мёртвой».
Қазір Бишімбаевқа қатысты жүріп жатқан сот процесі күн сайын You Tube әлеуметтік желісі арқылы тікелей эфирден көрсетіліп жатыр. Оны көріп отыруға Қазақстаннан бөлек, АҚШ, Алмания, Ұлыбритания, БАӘ, Түркия, Корея, Ресей, Сакартвело, Молдова, Беларусь, Украина, Өзбекстан, Қырғызстан және Әзербайжан мемлекеттерінің тұрғындары мүмкіндік алды.
Еске сала кетейік, қайғылы оқиға 2023 жылғы 9 қарашада Астанада, бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың жеке меншігіндегі «Bau» ресторанында орын алды. Онда әйелі Салтанат Нүкеновамен бірге келіп, бір тәулікке жуық уақыт демалған экс-министр соңында жан төзгісіз қылмысқа барған. Ол жұбайын үздіксіз ұрып-соғып, өлім халіне дейін жеткізген. Таңертең ессіз жатқан әйелге тек кешке бір-ақ «жедел жәрдем» шақырған. Бұл кезде марқұмның әлдеқашан бақилық болып кеткені анықталады. Күдікті тек 11 қараша күні ғана қамауға алынды.
Бишімбаевтың сот процесі 27 наурызда басталды. Істі Астана қалалық сотының төрағасы Айжан Құлбаева қарап жатыр. Сот сондай-ақ сотталушы Қуандық Бишімбаевтың талабы бойынша 12 адамнан тұратын алқабилер сотының қатысуымен өтуде.